«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық кәсіпкерлер сертификаттаудың электронды жүйесін игеруде

2018 жылғы 26 Қазан
- Қостанай облысы
5805 просмотров

Сертификаттаудың электронды форматы  қазақстандық тауарларды әлемдік нарықтарға экспорттауды ынталандыру және шаруашылық субъектілеріне кедергілерді азайту мақсатында енгізілді. Әзірге жоба пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, қостанайлық кәсіпкерлер жаңа сервистің артықшылығын  бағалай алды.

«Бұрын Кәсіпкерлер палатасына екі қайтара баруға тура келетін. Бірінші рет – өтінім тастау үшін, екінші рет – тауардың шығу тегі сертификатын алу үшін. Қәзір өзіме қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ реттей аламын. Өтінімді онлайн беру уақытты үнемдейді, кезекті күтудің қажеттілігі жоқ. Әзіресе шалғай аудандарда тұратын кәсіпкерлердің бір мәселесі шешілді», – деді «ASIAN GRAINS» ЖШС және «Деревянко»ЖК директоры Инна Гавриляк.

 Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы Сертификаттау бөлімінің маманы Елена Кункельдің айтуынша электронды формат ашықтықты қамтамасыз етеді.

 Онлайн-өтінімді беру үшін https://doc24.kz/ сайтында тіркеліп, бірнеше ұяшықтарды толтыру ғана жеткілікті.

 Қазіргі таңда Кәсіпкерлер палатасына өтінімдерді қағаз жүзенде де, онлайн да беруге болады. Алайда келешекте қағаз айналымы толығымен электронды форматқа көшеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер