«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматы облысынан Қытайға бал экспорттау жоспарлануда

2018 жылғы 12 Қараша
- Жетісу облысы
5394 просмотров

ҚХР Шанхай қаласында 5-10 қараша аралығында CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO атты импорттық тауарлардың халықаралық көрмесі өтті. Көрме жұмысына 130-дан астам мемлекет пен трансұлттық кәсіпорындар қатысты. Қазақстанның ұлттық павильонында 30-дан астам кәсіпорын болды. Соның ішінде Жетісу жерінің кәсіпкерлік әлеуетін «Қайнар АКБ» ЖШС мен «Лепсинск өнімі» ЖШС таныстырды.

 Кәсіпорындар өз өнімдерін көрсетіп қана қоймай, бес күн бойы В2В кездесулер өткізді.

 «Қытайлық компания өкілдерінің біздің өнімге деген қызығушылығы жоғары, сұраныс тұрақты түрде жолданып тұрады. Осыған дейін серіктестерге оннан астам сыналатын өнімдер топтамасын жібергенбіз. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Өнімді экспорттау бойынша мәселемен айналысып жатырмыз», - деді «Лепсинск өнімі» ЖШС-ның ҚХР бойынша өкілі Диас Серікбаев.

 «Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты Қытаймен экономикалық байланыс орнатқан кәсіпорын. Аспан асты еліне бір жылдан астам бойы аккумулятор жеткізіп келеді. Кәсіпорын өнім көлемін жылына 700 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.  

 «Сапалы тауарларға сұраныс үнемі болады. Біздің өнімдердің өзіндік құны төмен. Сонымен бірге, қазақстандық аккумуляторлар суық және ыстық ауа райына төзімді болып келеді», - деп атап өтті зауыт өкілі.

 Айта кету керек, ҚР 2018-2022 жылдаға арналған Ұлттық экспорт стратегиясында Қытай экспорттық қызығушылығы басым мемлекет болып анықталған.

Алматы облысы ҚХР-ға кварц, аккумуляторларды, теміржол локомотивтерінің бөліктерін, ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін, шоколадты, жүгеріні, жануарлар өнімін, құс жұмыртқасын, минералды және газдалған суды тасымалдайды. 2017 жылдың мәліметтері бойынша бұл еліміздің Қытайға экспорттайтын тауарлар көлемінің 30%-ын құрайды. Облыс кәсіпкерлерінің Қытаймен арадағы экспорт көлемі 29799,7 мың АҚШ долларын құрап отыр.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Алматы облысы мен Қытай арасындағы экспортқа талдау жүргізіп, 10 әлеуетті тауарлар анықтады. Соның ішінде бес өнім бойынша Жетісу кәсіпкерлері Қазақтандағы жалғыз экспорттаушы болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер