«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Мыңнан астам қарағандылық «Бизнес-мектеп» курсына қатысты

2018 жылғы 24 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
8917 просмотров

 Білім беру бойынша «Атамекеннің» atameken.kz жобасы қандай нәтижемен аяқталғаны жайында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Аянна Тыныбаева айтып берді.

Естеріңізге салсақ, «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберінде жеке бизнес құру, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті заңгерлік тұрғыда жүргізу, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқытуды көздейді. Оқыту үдерісін кәсіпқой бизнес-тренерлер жүргізеді.

Курстың мақсаты – Қазақстанның барлық өңірінде шағын және орта кәсіпкерліктің сапалы дамуын ынтыландыру. Курстың ұзақтығы – 16 сағат. Жаттығулар интерактивті режимде өтеді, практикалық ситуациялар мен сабақтардан тұрады.

«Былтырғы жылдың жоспары бойынша «Бизнес-Кеңесші» бойынша 850 қарағандылықты оқыту керек болды. Біз 17-69 жас аралығында  1028 адамды оқыттық. Оның ішінде 666 Қарағанды қаласының, 362-сі – облыс аудандарының тұрғыны. Бүгінде 135 түлек жалпы сомасы 544 млн теңге көлемінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылды», – деді сарапшы.

 Осы ретте «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқу ШОБ субъектілеріне ғана емес, сондай-ақ жеке бизнесі жоқ өтінім берген азаматтарға да қарастырылған.

 Ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы қатысушылардың жалпы санының талдауы көрсеткендей, жеке кәсіпкерлік формасындағы шағын және орта бизнестің үлесі ЖШС формасындағы субъектілерден басым болып шықты. ЖШС формасында оқып шыққандар үлесі 37 ШОБ субъектісін немесе 3,6%-ды құрады. Жеке кәсіпкерлік үлесіне 305 субъекті немесе оқып шыққандардың жалпы санының 29,5%-ы тиесілі.

 «Салалық бағыттар туралы айтатын болсақ, қысқа мерзімді оқытудан өткен анағұрлым үлкен топты ауыл шаруашылығы өкілдері құрады. Олардың жалпы сандағы үлесі 9,1% немесе 86 адамды құрады. «Сауда» саласында жұмыс істейтін тыңдаушылар үлесі 12,1% немесе 144 кәсіпкерді құрады. Қызмет көрсету саласында респонденттердің 5,4%-ы немесе 51 адам қамтылған, өнеркәсіп саласында – 2,5% немесе 24 адам, құрылыс саласында – 0,4% немесе 4 адам болды», – деді Аянна Асқарқызы.

«Бизнес-мектептің» келесі құрауышы – «Бизнес-Өсу» жобасы.  Жоба  «Бизнес-Кеңесші» курстары бойынша сертификаты бар ШОБ субъеклітеріне арналған және кәсіпкерліктің функционалдық бағыттары мен бизнесті дамыту саласындағы қысқа мерзімді кәсіпкерлікке оқытуды қамтиды. Оқу бағдарламасына кәсіпкерлерге сауалнама жүргізуге сәйкес тақырыптар енгізілген. Бұл маркетинг, сауданы тиімді басқару, қаржылармен басқару және іскерлік келіссөздер. 2018 жылы «Бизнес-Өсу» бойынша жоспарға сәйкес бизнес-тренерлер 150 кәсіпкерді оқытты.

  «Бизнес-мектептің» үшінші құрауышы – «Тәлімгерлік қағидаларын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша 77 қарағандылық оқып шықты, олардың арасында бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бар.  

 «Бұл жобаның мақсаты – кәсіби білімді беру, яғни аудан, моно қала, ауылда нақты бизнес түрін ашу және дамыту бойынша нұсқама беру және табысты кәсіпкерлер мен салалық мамандар қатысуымен практикалық машықтарды әзірлеу. Жобалық оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар жалпы сомасы 193 млн теңгені құрайтын 36 жобаны жүзеге асырды. Ал «Жас кәсіпкер мектебі» бойынша 65 кәсіпкерді оқыттық», – деп қорытындылады сарапшы.

  Жалпы «Бизнес-Мектеп» жобасы бойынша оқыту келесі жылы да жалғасын таппақ. Осыған байланысты Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысуға шақырады.

 Оқу курстары қаңтар айынан бастап Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, сонымен қатар аудандарда орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында жүргізілетін болады.

Толық ақпаратты 8 (7212) 506412 нөміріне хабарласып, немесе Ермеков көшесі, 29 мекенжайында орналасқан Қарағанды облысы ӨКП-ға және филиалдарына келіп, білуге болады.  

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер