«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкерлерге түзету колонияларында өндіріс ашу ұсынылды

2018 жылғы 28 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
9303 просмотров

Қарағанды облысы бойынша сотталғандардың жұмыспен қамтылуының орташа көрсеткіші – 85%. Мұндай ақпаратты Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен «Еңбек-Қарағанды» РМК филиалы қызметкерлерінің кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі барысында айтылды

«Еңбек-Қарағанды» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны кәсіпкерлер жалдай алатын бос орындары бар қылмыстық мекемелерде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін құрылған болатын.

«Бүгінде онда бірнеше цех жұмыс істеп жатыр.  Киім-кешек пен аяқ киімнен  бөлек, мұнда корпусты жиһаз, жиналмалы төсектер, жуу құралдары, шырын, құрғақ картофель, брусчатка және диодты шамдар өндіріледі. Ассотрименттік бір бөлігі – Қазақстан үшін нағыз жаңа тауарлар. Жоспарда бұдан да батыл жобаларды іске асыру бар, ол үшін кәсіпкерлерді тартуды көздейміз. Бас бостандығынан айырылғандардың 85%-ы – жұмыспен қамтылды», – деді «Еңбек-Қарағанды» РМК директоры Төлеутай Ералин.

 «Еңбек-Қарағанды» РМК жергілікті ШОБ субъектілерімен келесі механизм бойынша келісім жасамақ: Өңірлік кәсіпкерлер палатасы учаске немесе цехты пайдалану бойынша шығындарды өзіне алады, ал бизнес жабдық, шикізатты және дайын өніміді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда түзету мекемелердің кәсіпкерлікті дамытудағы әлеуеті жоғары.

 «Еңбек-Қарағанды» РМК диодтты шамдарды өндіру жобасын «PROLUX LED» фирмасымен бірге жүзеге асыруда. Бұл іскерлік байланыстың үлгісі, Қарағандыда жеке кәсіпкерлікпен жұмыс істеу үрдісі өзге өңірлерден бұрын басталды.

  ҚР ІІМ мен ҚР Қорғаныс министрлігі тапсырыстар береді, бұл өте тиімді. Бірақ өзара қарым-қатынас қана адам өміріне деген жоспарды өзгертуге жол ашады. «Еңбек» ЖШС бас бостандығынан айырылғандарды жұмысқа орналастырумен айналысады, сондықтан тендерлерді жүргізу уақытында бәсекелестіксіз жеңіске жетеді. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында мемлекеттік тапсырысты бір кәсіпорынға беруге мүмкіндік беріп отыр.

 «Орынжайға жал құнын төлеудің қажеті жоқ, барлық коммуникациялар бар, ал жұмыскер жұмысқа уақытында келуі үшін қатаң бақылау жасалады, объектілер колония қызметкерлерімен қатаң күзетте. Ал түрмеде өндірілген өнімнің өзіндік құны айтарлықтай арзан. Жұмысшылар минималды еңбекақы алады,тамақты осында ішеді, еңбек тәртібін бұзу жоқ», – деді Қарағанды облысы прокуратуралық үкімдерді орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Қанат Сәлімбаев.

  Кездесу нәтижесінде кәсіпкерлерге мұндай өзгеше бизнес ұнағанда ұқсайды, алайда сұрақтар да болды.

 «Бизнеспен талқыланатын тақырыптар бар, ортақ шешім табамыз деген сенімдемін», – деді «Еңбек-Қарағанды» РМК директоры Төлеутау Ералин.

 Кездесу соңында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арнап түзету мекемелерде ашық есік күнін ұйымдастыруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер