«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Елдос Рамазанов мәдениет және спорт  вице-министрі болып тағайындалды

2019 жылғы 14 Ақпан
8340 просмотров

Үкімет Қаулысымен Елдос Рамазанов мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. 

Елдос Рамазанов 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары жеке комерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. 1997-1998 жж. – «БанкТұранӘлем» ЖАҚ Ақмола филиалында саудадан тыс операциялар бөлімінің бастығы,  экономикалық талдау секторының меңгерушісі лауазымында қызмет еткен.  1998 ж. – «Астана темiр жолы» ҚСД "Қазақстан темір жолы" РМК бастығының орынбасары, 1998-2000 жж. – «Астана» қаржы-экономикалық орталығының бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК Қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары, 2000-2002 жж. – «Intertrade GmbH» (ГФР) бас директорының орынбасары (Германия), 2003-2004 жж. – «Агрохимия» ЖШС қаржы директоры қызметінде болған. 


2004-2006 жж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы – Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, 2006-2007 жж. – «KAZENERGY» Қоғамдық қорының атқарушы директоры, 2007 ж. – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының орынбасары – ақпараттық-талдамалық орталығының директоры, 2007 ж. – «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры аппаратының басшысы, 2007-2009 жж. – «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2009-2011 жж. – «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіптік корпорациясы» бас директорының орынбасары, 2011-2012 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті, 2011-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының орынбасары, 2013 ж. қыркүйек - 2016 ж. қаңтар  – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Аппарат басшысы, 2016 ж. қаңтарынан бастап қазірге дейін  – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.


Бұған қоса Елдос Рамазанов  2018 ж.1 ақпаннан бастап - «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы» ФА ЗТБ Төрағасының кеңесшісі, 2018 ж. 1 маусымнан бастап - «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы» ФА Бас директоры,  2018 ж. 1 маусымнан бастап - «Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ Бас хатшысының орынбасары, 2018 ж. 23 қазаннан бастап - «Дзюдо федерациясы» РҚБ вице-президенті, 2018 ж. 8 желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Қазақ күресі федерациясының вице-президенті лауазымдарында өз қызметін мінсіз атқарған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер