«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қызылордалық кәсіпкер «Atameken Services» порталының көмегімен кәсібін кеңейтуді көздеуде

2019 жылғы 21 Ақпан
- Қызылорда облысы
4097 просмотров

Қызылордада жас кәсіпкер, сұлулық салонының иесі Айзада Асқарбекті танымайтындар кемде кем. Алайда көпшілік Айзаданың құрылыс мамандығын игеріп, газ саласында жұмыс жасағанын біле бермейді. Маман ретінде ғана емес, адам ретінде де қоғамнан өз орнын табуы үшін Айзада түрлі салада жұмыс жасап, тәжірибе жинақтады. Осылайша осыдан екі жыл бұрын туған апасының кеңесімен сұлулық салонына келеді.

«Мен Іс басқармасында жұмыс жасап жүрген кезімде апам «Айзада, сенің қолыңнан сурет салу келеді. Ендеше сенен жақсы бет-әрлеуші маман шығады. Екеуміз бірлесе кәсіп бастасақ қалай болады?», - деп ой тастады. Ол кісі шаштараз маманы. Бұл салада 5-6 жылдан астам тәжірибесі бар. Ойланып қалдым және бірінші бағымды сынамақ болып Алматыдағы Санди Бексырғаның мектебінен білім алып, біліктілігімді жетілдіріп келдім. Салонды алғаш ашқанымызда қолымызда екі айна мен екі орындық қана болды. Тәтем екеуміз ғана жұмыс жасадық. Жұмысымыз алға баса келе көрсететін қызмет түрлеріміз де көбейіп, бүгінде 8 адамды жұмыспен қамтып отырмыз», - дейді кәсіпкер Айзада Асқарбек.

Бүгінде қызылордалық қыз-келіншектер арасында сұранысқа ие Айзада Асқарбектің сұлулық салоны осыдан 2 жыл бұрын 100 мың теңгемен басталды дегенге сенесіз бе? Сену қиындау, бірақ бұл рас.

«Иә көпшілігі күмәнданады. Біз шынымен де кәсібімізді 100 мың теңгемен бастадық. Ешкімнен қарыз алғанымыз жоқ. Тек өзімізге ғана сендік. Бірақ заманның талабына, сондай-ақ тұтынушыларымыздың қатарының артуына орай салонды кеңейту қажеттігін көріп отырмын. Салонда тұтынушыларымыз өзімнің қызмет көрсеткенімді қалайды. Сондықтан да сыртқа шығып, қаржы институттарын аралап, жаңа ғимарат алуға қаржы іздестіруге, шынымды айтайын, уақытым тапшы», - деген Айзада мәселесінің шешімі ойда-жоқта табыла кеткенін айтады.

«Жақында таныстарымнан Кәсіпкерлер палатасының «Аtameken Services» порталының мүмкіндіктері туралы естіп қуанып кеттім. Маған ерекше ұнағаны «Несие агрегаторы» бөлімі. Салонды кеңейту үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, ғимарат алғым келген. Бірақ банктердің талабы, артықшылығы, жеңілдіктері туралы қолымда ақпарат болған жоқ. Тіпті банк жағалайтын уақытым да жоқ. Бірнеше күн бұрын «Аtameken Services» порталы арқылы өтінім бердім. Өтінішімді бір емес бірнеше банк қатар қарайды екен және қарау мерзімі де ұзақ емес. Жақын күндері оң қорытынды алып, көздеген мақсатыма жетемін деген үміттемін. Физикалық түрде банк аралап шаршамай, топырлаған қағаздарды алып жүрмей, мәселемнің осылайша оңай шешіліп жатқаны қуантады», - дейді Айзада Асқарбек.

Айта кету керек, «Atameken Services» - бұл бизнеске арналған пайдалы әрі тегін қызметтер ұсынатын платформа!

«Несие агрегаторы» –  кеңседен шықпай-ақ онлайн-түрінде жеңілдікпен несие алуға бір өтінім толтырып,  еліміздің барлық қаржы институттарымен банктеріне тапсырыс бере аласыз. 

«Atameken.Academy»  – «Бастау» мен «Бизнес-мектеп» оқу жобалары бойынша ақпарат аласыз.

Онлайн-курсына қатысып, сертификатты кеңсе мен үйден шықпай-ақ алуға болады!

Құқық қорғау – Бизнес жүргізуде түйіткіл туындаса өтінім қалдыра аласыз. Сарапшылар қысқа мерзім ішінде мәселеңізді кәсіби түрде шешуге атсалысады.

Сонымен қатар, бизнес-жоспар құру, салықтық есептеу, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу – барлығы 60-тан астам сервистік қызмет түрі негізгі төрт бағыт бойынша тегін көрсетіледі!

services.atameken.kz-ке тіркеліңіз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер