«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық кәсіпкерлер аз қамтылған 1703 отбасыға материалдық көмек көрсетті

2019 жылғы 05 Наурыз
- Қостанай облысы
5539 просмотров

4 наурызда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы әңгімелесу үшін кәсіпкерлермен кездесті

Осы бағытта біраз шаруа атқарылды: 10 көпбалалы отбасына пәтер берілді, 372 отбасы қысқы отынмен толықтай қамтылды, 20 отбасының коммуналдық қарыздары өтелді, 758 отбасыға азық-түлік берілді. Осы жұмысқа кәсіпкерлер 45,8 млн теңге жұмсады.

«Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті мемлекеттік қолдау принциптерін жақсарту бойынша жұмыс істеп жатыр. Меніңше, бизнес-қоғамдастық өз тарапынан әлеуметтік жауапты болуы шарт.  Қазір бизнес «Бақытты отбасы» жобасына белсенді қатысып жатыр, бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы аясында жүріп жатыр. Көпбалалы отбасыларға баспана, көмір, азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетілуде. Ары қарай кәсіпкерлер аз қамтылған отасыларды қамқорлықтарына алса деген тілек бар», – деді Архимед Мұхамбетов.

Қазіргі таңда өңірде 5 086 отбасы төрт және одан  жоғары бала тәрбилеп отыр. Олардың барлығы ерекше бақылауда. Облыс, аудан мен қалаларда кез келген уақытта кеңес беріп, мәселені қарауға дайын жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Әрине, өтінімдердің басым бөлігі баспанаға қатысты. Бірінші кезекте баспана қатты мұқтаж жандарға беріліп жатыр.

 «Көпбалалы Смирновтар отбасында бес бала бар, отбасы соңғы 10 жыл бойы электр жарығы жоқ нашар тұрмыстық жағдайда өмір сүріп келген. Сергей Ким атынан «БК-Строй» компаниясы осы отбасына Тобыл аулынан үй сыйлады. Екі көпбалалы отбасыға екі бөлмелі пәтерді «Рамазан-Қарасу» ЖШС сыйға тартты, «Агро-Парасат» ЖШС үш бөлмелі үйді табыстады», – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

 Тізім ауқымды. Сандарды сөйлетсек, 486 тонна көмір, 191 кубметр отын, 55 тонна жем, 10,4 млн теңгеге азық-түлік берілді...

 Әзірге жұмыспен қамту мәселесі өзекті, бірақ ол да шешіледі. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өз мақаласында атап өткендей, көпбалалы отбасыларға үйде отырып табыс табу мүмкіндіктері жасалады, қосымша гранттар мен шағын несиелер квотасы бөлінетін болады.  «Атамекен» өз тарапынан көпбалалы отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке оқытып, қарапайым бизнес-жоспарларды ұсынуға дайын.  Үйде отырып қолөнер, кондитерлік өнімдер дайындау, киім тігу секілді кәсіпті жүргізуге мүмкіндіктер жасалады. Шығарған өнімдерін сату және тұрақты табыс жолын қалыптастыруға  Өңірлік кәсіпкерлер палаталары барынша көмектеседі. Осы жұмысты жүйелі бағытқа қою үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасында көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған, қажетті қаржы қарастырылған арнайы бөлім болуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер