«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«ALTYN OIMAQ» ұлттық байқауы аясында қостанайлық дизайнерлер бірігеді

2019 жылғы 12 Сәуір
- Қостанай облысы
3792 просмотров

Қостанай облысында талантты дизанерлер көп, бірақ танымал брендтер жоққа жақын. Көбі өнімді өткізуді жолға қоя алмай, жеке тапсырыстармен шектеледі, енді біреулер мамандар жетіспеулігінен өндірісті тоқтатып тұр, үшіншілері «танылуға» қаражат іздестіруде... Тігіншілердің түйткілді мәселелері Қостанайда «ALTYN OIMAQ» ұлттық байқауын ұйымдастырушыларымен 12 сәуір күні өткен кездесу барысында талқыланды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры ұйымдастырумен жүзеге асып жатқан байқауға қатысуға тәжірибелі дизайнерлер және енді дизайнерлікті қолға алған жандар ынта танытты. Бастауыш дизайнерлерге  «ALTYN OIMAQ» байқауына қатысу кәсіпқойлар әлеміне енуге үлкен мүмкіндіктер ашуда, ал жеңіске жеткен адам 1 миллион теңге көлемінде жүлде алады, бұл өзіндік брендті танытудағы жақсы бастама.

 «Қатысу – тегін. Бұл гламур құған еткен бағдарлама емес. Бұл өзіңді танытудың шынайы мүмкіндігі. Біз Іскер әйелдер кеңесі тарапынан әрекет етіп, дизайнерлерге кәсіптерін табысты етуге көмектескіміз келеді. Өкінішке қарай,   өңірлердегі дизайнерлер оқшау, жеке-жеке жұмыс істейді, сондықтан біз байқаудың әлеуетті қатысушыларымен аймақтық кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық», – деді байқаудың жобалық тобының жетекшісі Диана Ботаева.

 Байқау шарттары қарапайым. Бірінші 2 кезеңді өтімдерді қабылдау – 4 наурыздан 15 мамырға дейін және 10 маусымнан 15 қыркүйекке дейін жүреді. Алты аталым бар: «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»; «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;  «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;  «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;  «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны». Әлеуетті тапсырыс берушілерден тұратын байқау комиссиясы әр аталым бойынша 2 үміткерден таңдайды. Жеңімпаздарды ары қарай халық онлайн дауыс беріп, анықтайды.

 Байқау идеясы қостанайлықтардың көңілінен шықты.

 

 «Бұл біз үшін маңызды іс-шара. Тігін және дизайнерлік салада мәселлер жиналып қалды. Шикізаттың болмауы, білікті мамандардың тапшылығы және жеткіліксіз жарнама саланы тежеп тұр. «ALTYN OIMAQ» байқауы – біз «made in Kazakhstan» киімдерін киіп жүруіміздің алғашқы қадамы», – деп көпшіліктің ойын білдірді қостанайлық сән салонының директоры Малика Төлемісова.

 

 Түйткілді мәселелерді шешу үшін Малика Төлемісова қауымдастыққа бірігуді ұсынды.

 «Жеңіл өнеркәсібі – оңай шаруа емес. Салалық қауымдастықтар жүйелі проблемаларды шешуге көмектеседі. Өңірде Құрылысшылар қауымдастығы және Туризм, мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы өнімді жұмыс істеуде. Сіздерге де бірігуде көмек беруге дайынбыз», – деп ұсынды Қостанай облысы ӨКП директоры Мұрат Әбенов.  

 Барлық түйткілді сұрақтарды талқылаған соң, қатысушылар портфолиоларды көрсетті. Жобалар өте тартымды және ең бастысы түрлі бағытта болды. Мәселен, Лисаковск тұрғыны Светлана Қаратаева кездесуге текемет, киізден жасалға жастықтар мен оюлы шәлілерді алып келді.

 «Мына текемет «Жыл мезгілдері» деп аталады. Оның дайындалуына Лисаковск маңынан табылған андронов қорымдары себеп болды. Мен андронов өрнектеін пайдаландым – шексіздік сызығы мен күн белгісі. Осы стильде жастықтарды тіктім. Мұның бәрі таза қазақстандық қой жүнінен жасалған. Әрине қой жүні қатқылдау, осы ерекшелігі ұтымды. Ал соңғы ермегім оюлы киізден кеудешелер мен бөкебейлар тігу», – деді шебер.

 Қарлығаш Оспановада да өзіндік бизнес бар. Ол тігін фурнитурасы – ағытпалар мен түймелерден әшекей жасайды. Екі жыл бұрын Қарлығаш ескі ағытпалардан бірегей әшекей бұйымдарын әзірледі. Оның айтуынша, ерекше әшекей сұранысқа ие. Әсіресе түрлі хайуанаттар мен жәндіктерден жасалған брошкалар өтімді.

 Әзірге «ALTYN OIMAQ» байқауына қатысуға 8 қостанайлық өтінім берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер