«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Полицей қыз қызметін тастап бөдене өсіруді қолға алған

2019 жылғы 13 Мамыр
- Қостанай облысы
5245 просмотров

Әсем Колисенова – бұрын көші-қон қызметінің инспекторы болып жұмыс істесе, қазір кәсіпкерлікпен айналысады. Былтыр Әсем Қостанай ауданы Озерное ауылында бөдене өсіруді қолға алды. Бүгінде оның шағын фермасы жергілікті кафе, дүкендер мен шипайжайларды диеталық өніммен қамтамасыз етіп отыр.

Кәсіп Әсемнің әкесі бастамасымен қолға алынды. Біріншіден, әке өзі бөдене өсірген, тәжірибесі мол. Осы кәсіпті қызына үйреткен. Екіншіден, ол қызына «Бастау» жобасына қатысуға кеңес берген. Осы жоба Әсемді кәсіп бастауға қатты ынталандырған.

  

  

«Бір күні көші-қон испекторы қызметі жаныма жат екенін түсіндім. Істеген жұмысты ынтамен орындағанды қаладым. Әкем газет беттерінен «Бастау» курстары туралы ақпаратты көрсеткенде, мен қатысамын деп шешім қабылдадым. Өзіме өзім қожайын болып, ешкімге тәуелді болмауды қаладым», – деді Әсем Колисенова.

 Оқу процесінде бизнес-тренер Ақмарал Бекмырзаева Әсемге армандарын рәсімдеуге көмектесіп, бизнес-жоспарлы құруға атсалысты, мемлекеттік бағдарлама бойынша 2,5 млн теңге несие алған Әсем 233 бөдене және оларға жем-шөп сатып алды.

 «Бөдене – ерекше құс. Бұл құс тауық немесе үйрек емес. Бөдене нәзік те ерекше күтімді талап ететін құс. Күрке іші ыстық әрі дымқыл болуы керек.  Ал нәтижесі барлық еңбекті ақтайды. Бөдененің бес жұмыртқасы салмағы бойынша тауықтың 1 жұмыртқасына тең, алайда бөдененің 1 жұмыртқасында бес есе көп калий, В тобындағы дәрумендер мен протеин бар. Осы жұмыртқа арқылы көптеген аурулар емделеді, тіпті ағзадан радиация қалдықтары да шығарылады. Бұған қоса бөдене сальмонеллезбен ауырмайды», – деп атап өтті кәсіпкер.

Бастапқыда Әсем балапандарды өсірген – ол үшін инкубатор қолданылды. Қазір ферма ұлғайған соң, Әсем өнімді көбейтуге көшті. Алғашқы кезде құс еті мен жұмыртқаларды таныстар сатып алып жүрді, кейін ферма туралы жергілікті дүкеншілер естіді... Қазір бизнес-ханым шипайжайлармен жұмыс істейді, өйткені бөдене еті шипалы.

 Әсемнің айтуынша, ферма өтемді. Кәсіпкер бизнесін кеңейтпек, қосымша өткізу нарықтары қаралуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер