«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысының 80 маманы техникалық реттеу саласында оқытылды

2019 жылғы 15 Наурыз
- Қостанай облысы
3908 просмотров

«КазИнСт» РМК Қостанай филиалы 12 және 14 наурыз аралығында техникалық реттеу, метрология және сапа менеджмент саласындағы қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру бойынша бюджеттік оқыту семинарын өткізді.

Бұл семинар өндірістің түрлі салалардағы мамандарды оқытуды қамтамасыз етеді.

Биылғы жылы семинарға 80-нен астам мамандар қатысты, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, сәйкестікті растау органдарының мамандары, сынау, бақылау және калибрлеу зертханалары, ТК-44 Технолог Техникалық Комитеті, MTK-534, сондай-ақ жоо мұғалімдері.

Осы іс-шара аясында қарастырылған негізгі тақырыптардың бірі ЕАЭО аясында жасалған Келісім және КО / ЕАЭО «Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Өрт қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенттерді қолданудың ерекшеліктері болды. Бұл тақырып мемлекеттік қызметкерлеріне арналды.

Семинар барысында 2019 жылдың 11-ші сәуірінде күшіне енетін 2018 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысының қолы қойылған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы туралы ақпарат ұсынылды.

Тыңдаушылардың үлкен қызығушылығы халықаралық, аймақтық, шетелдік стандарттарды қолдану, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуда ұлттық стандарттарды қолдану мәселелері бойынша көтерілді. Стандарттаудың ұлттық жүйесі және Ұлттық стандарттау органының құзыреттілігі ерекше қызығушылық тудырды.

Оқу соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер