«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық отбасы балаларға арналған экологиялық таза кереуеттер шығарады

2019 жылғы 09 Шілде
- Қостанай облысы
5703 просмотров

 Қостанайлық кәсіпкер Совет Тәжмұхамбетовтың алғашқы клиенттері оның балалары болған. Қос ұлы әкесінен қолдан жасалған кереуетті сыйға алды

Кереует қарағай ағашынан жасалды. Уақыт өте келе ермек бизнеске айналды. Осы бағытта Советтің жұбайы Әмина Жанәбілованың еңбегі зор.

Отбасынағы міндеттер секілді бизнесте де әркімнің өз міндеті бар. Совет кереуеттерді жасайды, ал Әмина бухгалтерлік пен маркетингті дөңгелетуде.

«Бизнес-процестерді жақсы түсіну үшін «Бастау» жобасында оқыдым. Онда бізге бағалық саясатты әзірлеуді, бизнестің келешекте даму кезеңдерін жоспарлауды үйретті... Біз материалдар, бояуға кететін шығындарды дұрыс есептемей, бағаны ойша белгілейді екенбіз», – деді Әмина Жанәбілова.

«Бастау» сертификаты Әминаға қажетті біліммен қатар грант алуға жолдама берді. Комиссия жобаны келешекті деп танып, отбасы 252 500 теңге көлемінде грант алды. Осы қаражатқа рейсмусты білдек алынды.  

 «Білдек алмағанша кейбір бөлшектерді басқа жерге өңдеуге беріп жүрдік, қымбатқа соғатын. Енді материалдарды өзіміз өңдеп, өзіміз шығарамыз, ешкімге тәуелді емеспіз», – деді кәсіпкер.

 Алғашқы кереуеттерді гаражда жасаған. Қазір Совет өз туындыларын жалдамалы цехте жасайды. Оның жұмыстарына қарап, ер азаматтың бұрын ағаш өңдеуге еш қатысы болмағанына сену қиын. Құпиясы қарапайым – кәсібіңді сүю керек. Совет ағаштан бірте жақсы бұйым шығарылатын процесс ұнайды, ал тапсырыс берушілерді ризалығы тіпті керемет көңіл күй сыйлайды...

 Әзірге кәсіпкерлердегі жалғыз проблема – еңбек қолы тапшы. Совет өзіне көмекші өздеуде, алайды білікті ағаш ұсталар жоқтың қасы.

 «Өндірісті кеңейту қажет. Сондықтан көмекшіні колледждерден іздеу керек. Студенттерді практикаға алып, оқытатын боламыз», – деді Әмина Жанәбілова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер