«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Павлодар облысында «Бастау» түлегі әлеуметтік дүкен ашты

2019 жылғы 19 Шілде
- Павлодар облысы
8424 просмотров

Бұл идея жас кәсіпкерде кездейсок пайда болған жоқ, өйткені облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдардағы дүкендерде тауар бағасы өте қымбат екені белгілі

Жоба әлеуметтік маңызға ие болған соң оны жергілікті әкімдік қолдап, дүкенге нысан бөліп берді.

«Кәсіпкерлік әлеуеті бар жаса ана «Бастау» жобасына дайын идеямен келді. Тыңдаушы оқу процесіне жауапкершілікпен қарап, сабақтан қалмады, бизнес-жоспарды егжей-тегжейлі дайындады. Сынтас ауылында мұндай форматта дүкен жоқ, сондықтан шығындарды есептеген Айсұлу Байысова әлеуметтік дүкенді ашуды шешті», – деді «Бастау» жобасының бизнес-тренері Айгерім Әмерханова.

Кәсіпкер бұрын мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істеген. Әр адамда өмірінде бір рет болсын жеке кәсіп ашу ойы болады. Біздің кейіпкеріміз де декреттік демалыста өзін жаңа қырынан сынап көрмек болды. Ол нан-тоқаш: самса, бауырсақ, бәліш пісіруде қолға алды. Осы уақытта ауыл тұрғындары күнделікті қажетті заттар мен азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайтын  дүкен ашу идеясы туды.

 Қазіргі таңда «Бастау» түлегі жеке қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысанды жергілікті әкімдік бөліп берді. Грант қаражатына қажетті жабдық алынды.

«Оқуға қатыстым, бизнес-жоспарымды қорғап шықтым. «Атамекен» палатасы тарапынан бастауыш кәсіпкерлерге жақсы қолдау бар. Ал қазір уақытша орынжайда сатып жатырмыз. Өнім түрлерін үнемі кеңейтеміз. Бағалар арзан болады. Өз жақындарыма, жолдасыма, ата-енеме қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамын», – дейді Айсұлу Байысова.

2019 жылдың басынан Шербақты ауданында 50 адам «Бастау» жобасына қатысты. 4 тыңдаушы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңілдікпен несие алды. «Бастау» жобасының 9 түлегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер