«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай кәсіпкерлері Worldfood Moscow көрмесінен алтын және күміс медальдармен оралды

2019 жылғы 30 Қыркүйек
- Қостанай облысы
8885 просмотров

Ресейде тамақтану саласында ірі саналатын көрме 24-27 қыркүйекте Мәскеуде өтті. Іс-шараға әлемнің 65 елінен 1764 кәсіпорын қатысты, соның ішінде қостанайлық «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Лидер 2010» ЖШС және  «Баян Сулу» АҚ сынды компаниялар болды

 «Бәсекелестік өте жоғары болды, алайда кәсіпорындарымыздың өнімі лайықты бағасын алды. Көрме қорытындысы бойынша «Милх» ЖШС 4 алтын және 1 күміс медаль алды. «Баян-Сұлу» АҚ кондитер фабрикасы 3 күміс медальмен марапатталды», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

«Новый день» сауда маркасымен «Милх» компаниясы «Қантты жылтырлатылған рожоктағы шоколадты пломбир» және «Вафльді стақандағы ванильді пломбир» балмұздақтары үшін алды, сонымен қатар бұл кәсіпорын жаңа өнім – «Сливочный» балқытылған ірімшік үшін күміс медаль алды.

  «Бүгін сүтті өнімдердің сан алуын түрлерінде сатып алушылар табиғи дәм және пайдалы құрамды қалайды. «Милх» компаниясы осындай қажеттілікті қанағаттандырып отыр. Біз 100-ден астам аталым шығарамыз, олардың әрқайсысы дәмді әрі бағалы. Мәселен, МемСТ-ті ұстанумен белгілі әлемдік берндтердің заманауи жабдығын да жасаймыз. Сондықтан балмұздақтарымыз балалық шақтан таныс дәмді, оны байқау комиссиясы да дұрыс бағалады.  World Food Moscow сынды көрмелер – жетістіктерімізді таныстырудың, жаңа серіктес табудың, жаңа нарықтарды игерудің мүмкіндігі», – деді «Милх» ЖШС директоры Сергей Блок.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер