«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастау» түлегі Қарабалық ауылында пейнтбол клубын ашты

2019 жылғы 16 Қазан
- Қостанай облысы
9839 просмотров

Ауылдық жер үшін аталған бизнес-идея ерекше, бірақ Әмір Шектібаев ауыл жастарына дәл осындай жоба қажет деп тапты. Енді «Легион» пейнтбол клубы аудан тұрғындары және оның қонақтары үшін белсенді демалыстың сүйікті орнына айналды

Бір жыл бұрын Әмір Шектібаевтың кәсіп ашу құлшынысынан басқа  ештеңесі болмаған. Өз идеясымен ол «Бастау» жобасына келіп, кәсіпкерлік негіздеріне оқып шықты.

«Сол сәтте жұмыссыз қалдым, тәуекелге бел буып, кәсіп бастауға шешім қабылдадым. «Бастау» курстары қажетті білім ғана бермей, жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік сыйлады. Нәтижесінде мен «Атамекен-Қостанай» микроқаржы ұйымы арқылы жылдық 4%-бен 1 250 000 теңге алдым», – деді кәсіпкер.  

Әмір  Tippmann 98 маркалы 17 маркер және ВТ (пейнтбол қаруы), камуфляж, маскалар және бронежилеттерді сатып алды. Сонымен қатар ол үлкен ангарды – бұрынғы Тоғызақ механика зауытының ғимаратын жалға алды. Бұл ғимаратты кәсіпкер әскери локацияға өзгертті – тұрақтарды қойды, жасырыну жерлерді ойластырды. Жалпы пейнтбол ойнаушылар ойын барысында экстрим мен адреналин алуына барлық жағдай жасалды.

 «Жаз айлары тығыз өтті. Біздің орталықта туған күндер, турнирлер, тимбилдингтер өтті. Пейтбол – корпоративті рух пен ұйымшылдықты көтеруге арналған тамаша ойын. Клиенттердің жас ерекшелігі үлкен. Біз 12 жасқа дейінгі балаларды қауіпсіздік үшін ойын алаңына жібермейміз. Өйткені ойыншық болса да қару қолданылады», – деді Әмір Шектібаев.

Қазір кәсіпкер клубты қыс мезгіліне дайындауда. Өңірдегі суық темперетурада бояуы бар шар нысанға жетпей жарылып қалуы мүмкін. Сондықтан мықтырақ «оқтар» керек.

Кәсіпкер бизнесті кеңейтуді ойластыруда. Жуық арада Қарабалықта страйкбол клубы ашылуы мүмкін.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер