«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Студенттік жатақханаларға инвестиция салудың жаңа шарттары таныстырылды

2019 жылғы 11 Қараша
- Қостанай облысы
8359 просмотров

Инвесторларға студенттік жатақханаларға табысты бизнес ретінде қарауды «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері ұсынды.  Мемлекеттік тапсырысты бөлудің жаңа механизмі Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында таныстырылды

 «Қазіргі таңда Қостанай облысында шамамен 2 мың студент жатақханада орынға мұқтаж. Сонымен қатар жақын болашақта Қазақстан 2000-жылдардағы бэби-бумның өскен буынын байқайды, контингент өседі. Ағымдағы оқу жылында студенттер саны 200 000 адамды құраса, 2030 жылы студенттер саны 1,5 есеге өседі. Бұл ситуация студенттік жатақханаларға сұранысты арттыратыны сөзсіз», – деді Ғалымбек Жақсымбет.

Форматтың тұжырымдамасы МЖӘ механизміне ұқсас, бірақ бірқатар өзгешеліктері бар. Жеке инвестор ғимаратты пайдалануға өз қаражатынан іске асырады, ал мемлекет өз тарапынан алдағы сегіз жыл бойы жан басына қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Жаңа ғимарат салынса, бір студентке жыл сайынғы төлемдер – 122 АЕК-ті, ескі ғимарат қайта жөнделсе – 47АЕК-ті құрайды. Осы ретте алғашқы 12 айда мемлекеттік тапсырыс түзелетін коэффициентті есепке ала отырып төленеді.

 «Мәселен, егер инвестор 500 орындық ғимарат салса, ал онда 100 студент тұратын болса, біз төлемді 200 студентке жасаймыз. Алайда бұл сан жатақхананың жобалық қуаттылығынан артық болмауы тиіс. Егер ғимарат 500 орынға болып,  онда 400 студент тұрса, біз 500 судентке деп төлем жасаймыз. Осы әдістемеге сәйкес өтеудің бүкіл кезеңінде 1 жатын-орынға 2,5 млн теңге төленеді», – деді Жақсымбет.

 Қостанайда мұндай механизм бойынша 336-орындық жатақхана салынып жатыр. Жобаның құны 670 млн теңгені құрады, мемлекеттік тапсырыстың жоспарланған көлемі – 828 млн теңге. Бұдан бөлек, инвестор коммерциялық алаңдарды өз қалауына қарай қолдана алады – жатақхана жанынан азық-түлік дүкенін немесе тренажер залын ашу. Студенттерден жалдау құнның төлемі де кәсіпкер қалтасына кетеді.

МЖӘ-дан басты ерекшелік төлемдерден кейін нысан инвестордың меншігінде қалады. Шарт біреу ғана – нысаналы мақсатын 20 жыл бойы сақтау. Осы мерзімнен кейін кәсіпкер ғимаратпен қалағанын істей алады.

 «Демек, ЖОО аумағында мейрамхана немесе басқа коммерциялық ғимарат пайда бола ма?» – деп сұрақ қойды ҚМПУ Нұрлан Медетов.

 «Иә, мұндай ықтималдылық бар», – деп түсіндірді Ғалымбек Жақсымбет.

 Нұрлан Медетов тағы бір мәселені көтерді: қостанайлық кәсіпкерлер төлемдерді 8 жыл бойы күткілері келмейді, сондықтан құрылысқа кірісуге асығар емес.

 «Осы уақыт аралығында жатақхананы күту керек. Бізде солтүстік аймақ екенін ескеріңіздер, демек жылуға төлемді жылына 7 ай жүргізу керек. Ал тұру үшін инвестор 20 000 тг ала алмайды, мұндай шарттармен студент зейнеткер әжейден де бөлме жалдап тұра алады», – деді ол.

Рудный индустриялық институттың ректоры Абдрахман Найзабеков әріптесінің алаңдаушылығын растады. Оның айтуынша, рудный оқу орнының студенттері жатақханаға айына 4500 теңге төлейді, мұны қымбат деп санайды. Жатақхананы күтуге институт айына 3,2 млн теңге қосымша төлейді.

«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері барлық көтерілген мәселелерді басшылыққа жеткізуге уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер