«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастау» түлегі Қамысты ауылында жаңа кафе салды

2019 жылғы 20 Қараша
- Қостанай облысы
12019 просмотров

Қамысты ауылының тұрғыны Роза Ақбасова кафе ашуды көптен бері жоспарлаған

Бастапқыда ол салаттар жасады, ас үйде балкүлшелерді тапсырысқа пісірді, кейін Роза Ақбасоваға ауыл мектебінің асханасын жалға алу бойынша ұсыныс жасалды. Содан бері көп жылдар өтті, бірақ арман сол күйі қалды: аспаз әйел ас әзірлеуді жақсы көреді әрі өз кәсіпорнының қызметкерлерімен теңдей жұмыс істейді. 

 48 жасар Роза Ақбасова – Қамысты ауылының байырғы тұрғыны. Алматы совет саудасы техникумын аяқтап, оңтүстік астанада бірнеше жыл тұрған соң ол туған ауылына оралды. Технолог дипломы аудан орталығында кәдеге аспады – мұнда не нан зауыты, не тамақ өнеркәсібінің басқа саласындағы кәсіпорын болмады. Сол кезде келіншек қолынан жақсы келетін іске кірісті.

 «Ас әзірлеу – менің ұстанған бағытым. Мен корей салаттарының үй жағдайындағы өндірісін жолға қойдым, балкүлшелер пісірдім, осының барлығын ауыл-ауылға тасымалдадым. Той-томалақтарға ас мәзірін дайындадым. Фирмалық тортым – «Наполеон». Ас әзірлеудегі басты құпия – мен рецептілерге жүгінбей, импровизацияға ерік беремін. Менің әзірлемелерімді ауданда жақсы көреді десем артық емес. Ингердиенттерді жиі алмастырамын, осылайша тағамдардың бірегейлігін, дәмділігін арттыруға тырысамын», – деді бизнес ханым.

 Кәсіпкер әйелге 2007 жылы мектеп асханасын жалға алу ұсынылды, бұл ұсынысты ол қуана қабыл алды: жас мамандарды жинап, мықты команда құрды.

 Асхана іске қосылған соң кәсіпкер жеке кафе ашуды ойлай бастады. Кафені нөлден бастағысы келді, оны талғамы бойынша рәсімдегісі келді. Оған үлкен қаражат керек болды, осы кезде Роза Ақбасова «Бастау» жобасы туралы естіді. Сертикат алған соң кәсіпкер «Атамекен Қостанай» МКҰ арқылы жылдық 4%-бен 7 млн теңге несие алды. Қамысты ауылында «Ханшайым» кафесі пайда болды.

 «Әрине кафе ашуға қатысты көп мәселе туды. Мамандарды табуда қиындық басым. Ауылда үздіксіз жұмыс істеуге дайын аспаз табу қиын. Бірақ уақытпен сыналған қызметкерлер көмектесті, олар менімен бірге он жылдам астам уақыт жұмыс істеп келеді. Жақында командамызға Арқалықтан келген кондитер қосылды. Өте пысық қыз. Ол жұмысқа берілген әрі жаңа нәрсе үйренуге құлшыныспен қарайтын адамдардың қатарынан. Кафемізде жұмыс жұмылып істеледі. Аспаз жұмысы бітіп, үлгермей жатқан кондитерге көмектеспей кетіп қалуы жоқ. Сондықтан қызметкерлеріміз әмбебап», – деді «Бастау» түлегі.

 Роза Ақбасова өзі де жұмыс процесіне толық кіріседі. Қажет болса ыдысты да жуады, картопты да тазалайды. Кәсіпкер ханым базарға да өзі барады, осылайша алынатын өнімнің сапасы қатаң бақылауға алынған. Отанасына отағасы белсенді көмек көрсетеді.

Отбасылық бизнеске кәсіпкер әйелдің қызы да кіріспек болды, алайда Роза Ақбасова өз қарсылығын білдірді.

 «Аспаз жұмысы қиын, оны жақсы білемін. Аяқта көп тұруға тура келеді. Қызыма: «кафеміз бар, қалаған уақытында келіп тағам әзірлесең болады» деп айттым. Нәтижесінде қызым заңгерлік білім алып жатыр, ал ас әзірлеу хоббиге айналды», – деді бизнес ханым.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер