«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жеткізушілерді дамыту республикалық бағдарламасы шеңберінде халықаралық сарапшылар қостанайлық кәсіпорындар жұмысымен танысуда

2019 жылғы 26 Қараша
- Қостанай облысы
7306 просмотров

Әзірге қатысуға өтінімдерді қостанайлық 10 кәсіпорын берді. Сегіз кәсіпорында халықаралық сарапшылар болды, олар бизнес жағдайына Еуропалық сапа менеджменті қоры практикасы негізінде тегін бағалау жүргізді.

 Ірі отандық жер қойнауын пайдаланушылар көп жағдайда шетелдік жеткізушілерді таңдайтыны жасырын емес. Себептердің бірі – отандық тауарларда қажетті сертификаттау жоқ. Шағын және орта бизнеске әдетте, халықаралық сертификаттар қымбат. Осы мәселені шешу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Жеткізушілерді дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді бастамалады. Бағдарлама мақсаты – шағын және орта бизнеске мұнай-газ, металлургия және тау-кен секторларында жұмыс істейтін ірі шетелдік және отандық корпорациялардың сертификатталған және аккредиттелген жеткізушілері болуға көмектесу.

 «Бағдарлама шарттарына сәйкес келген компанияларды сарапшылар іріктейді, оларға халықаралық сертификаттауды алуда қолдау көрсетіледі. Демек, шығындардың ең кемі 70%-ы бағдарлама есебінен өтеледі. Сонымен қатар жоба шеңберінде әлеуетті контрагенттермен кездесулер өткізіледі», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Қазіргі таңда Қостанай облысында халықаралық сарапшылар «Авента плюс» ЖШС, «Вагон-құрылыс зауыты» ЖШС, «Мехлитком» ЖШС, «S.M.F.-SYSTEM» тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС, «Азурит» ЖШС, «Большевичка» ПК,  «Рудный цемент зауыты» ЖШС және «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-на инспекциялық қарау жүргізді.

 Бағалау желтоқсан аяғына дейін жалғасатындықтан, кәсіпкерлер бағдарламаға қатысуға өтінімдерін әлі де бере алады. Өтінімді мына сайт арқылы онлайн беруге болады https://sdpk.kz/ru.

 Естеріңізге салсақ, мұнай-газ, тау-кен қазу және металлургия салаларында өнім немесе қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобаға қатыса алады. Кәсіпорында тұрақты негізде 21-ден 500 адамға дейін адам жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, компанияда салық бойынша қарызы болмауы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер