«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Павлодарда Жас кәсіпкер мектебінің түлектері жобаларын таныстырды

2019 жылғы 04 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6017 просмотров

Жастардың креативтілігінде шек жоқ

Павлодар облысының Жас кәсіпкер мектебінің тыңдаушылары нарықта ең қызықты әлі игерілмеген нишаларды табуға тырысып, қазылар алқасына бизнес-идеяларын таныстырды. Әрине, бастауыш кәсіпкерлердің әзірлемелерін қарап отырып, комиссия мүшелері идеяның креативтілігіне ғана мән берген жоқ. Сонымен қатар жобаның маңызы, жүзеге асырылудағы мақсаттылығы, өтімділігі, инновациялық артықшылығы, таныстырылым шеберлігі де бағаланды.

«Биыл Жас кәсіпкер мектебінде оқуға 70 тыңдаушы қатысты. Аталған құрауыш 18-29 жас аралығындағы жастар бойында инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетті ашуға бағытталған. Оқу қорытындысы бойынша біз «Идеялар жәрмеңкесін» өткіздік, онда ең жақсы бизнес-жобаларды таныстырдық», – деді «Атамекен» ӨКП бизнес-тренері Қуаныш Досмағұлов.

 Жобаларды қарау қорытындысы бойынша комиссия «Shapki» жобасы үшін Сидоренко Михаилға бірінші орынды берді.

 «Мен 18 жастамын, ақпараттық технологиялар колледжінде оқимын. Идеям жаңа емес. Мен бас киімдер, бизнеске арналған аватаркалардың дизайнын әзірлеймін. Клиенттердің 20-30%-ға дейіні әдемі кіреберіс, көрікті бизнес фасады үшін келеді, ал мен онлайн-фасадты әзірлеймін, өйткені қазіргі кезде әлеуметтік желілерде тауарды ілгерілету өте өзекті. Жас кәсіпкер мектебінде мен көп пайдалы ақпарат алдым, бизнесті тиімді жүргізу жолдарын үйрендім», – деді Михаил Сидоренко.  

 Екінші орынды «Abadya» жобасымен Анар Қырықбай алды. Жас кәсіпкер мектебінің түлегіне тігін шеберлігін әжесі үйреткен.

 «Кішкентай кезімнен тігуді жақсы көремін. Әжем тігіншіліктің шебері болған, құрақ көрпе, қыз жасауын әзірлеген, ұлттық нақышта басқа да тігін бұйымдарын жасаған. Мен де әже жолын қуамын деп шештім», – деді Анар Қырықбай.   

 Руслан Найдов үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды, оның жобасы –мұздатылған пиццаны жеткізу.

 «Біз жай ғана студенттер емеспіз. Біз – болашақтың ұрпағымыз. Бүгінгі қарбаласта заманауи адамдарда тамақ әзірлеуге уақыт тапшы. Әрине, кафе мен мейрамханалардың қызметіне жүгінуге болады. Бірақ бұл қымбатқа түседі. Менің идеям мұздатылған пиццаны жеткізу, мұндай пиццаны әзірлеу небәрі 15 минут уақытты алады. Пайдасы қандай деп сұрайтын боларсыз. Біз жартылай дайын өнімдер нарығына шығып қана қоймай, сонымен қатар жарнама нарығына шығамыз. Компанияларды жарнамалайтын боламыз. Мәселен, тапсырыс беруші пиццаны өз атымен немесе компания атауымен атай алады. Компаниямыздың артықшылығы пиццалардың сан түрлілігінде болмақ. Түрлі ингредиенттерден бастап, түрлі формаларға дейін. Қазіргі таңда бізде пиццаның шамамен 100-ге жуық рецептісі бар. Бұл көлемді тапсырыс берушілердің қалауына қарай кеңейте бермекпіз», – деді Руслан Найдов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер