«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Жаңаөзенде кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні өтті

2019 жылғы 06 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
4361 просмотров

Жаңаөзен қаласында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалында кәсіпкерлер мен шаһар тұрғындарына арналған ашық есік күні өтіп жатыр

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы бастамасымен ұйымдастырылған шараға облыс орталығынан барлық сала мамандары барды.

«Біздің партияға көмек сұрап келушілер көп. Әсіресе, жұмыссыздық мәселесі жиі қозғалады. Жұмыссыздарды кәсіпкерлікке жұмылдыру үшін үлкен шаралар жасалуда. Технопарк өндірістік аймағы дайын. 23 кәсіпкер сол жерден кәсібін бастамақшы. «Сақ» базарында 200 орын бос тұр. Сауда жасаймын деушілерге алғашқы 6 айда жалдау құнынан босатылады», – дейді «Нұр Отан» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының 1-орынбасары Нұрберген Худибаев.

Жер қатынастары, сәулет және құрылыс, жол қатынастары, тұрғын үй, жұмыспен қамту, жобаларды сүйемелдеу, ауыл шаруашылығын қолдау қоры, «Даму» қоры, «Каспий» ӘКҚ мен екінші деңгейлі банктер өкілдері көпшіліктің түйіткілді сұрақтарына жауап беруде.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Қуаныш Мұсаев ашық есік күніне өзін толғандырған сұрақпен келді.

«Бастау» жобасы бойынша білім алдым. Қайтарымсыз грант алғым келеді. Бұл қаражатқа баспаханаға қажетті техника алғым келеді. Кәсіп бастайтын ғимаратымыз дайын тұр. Отбасылық кәсіп ретінде ашып, дамытқымыз келеді»,- дейді ол.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің қызметкері Руслан Бисекеновтің айтуынша, жаңаөзендік тұрғындардың көпшілігін несие алу, салық төлемдерінен босату, жер телімдеріне қол жеткізу мәселелері алаңдатады екен. Келушілердің басым бөлігі грант алған жастар. Олар кәсібін енді қолға алып жатқандықтан салық төлемі бойынша жеңілдік жасалғандарын қалайды. Барлық азаматтарға тиісті сала мамандары толыққанды жауап беріп отыр. Ашық есік күні шарасы кешке дейін жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер