«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөнінде жобалық алқа жұмысының қорытындысы жасалды

24 Желтоқсан 2019
21352 просмотров

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі Жобалық алқа жұмысының қорытындысы жасалды

«Қазіргі таңда бизнестің жалпы сомасы 206 млрд теңгеге 830 жобасы қаржыландыруға мақұлданды, сонымен қатар жалпы сомасы 212 млрд теңге көлемінде  297 жоба банктердің қарауына жіберілді», – деп мәлімдеді ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Спикер Ұлттық палатаның Бағдарламаға дайындаған өзгерістердің 4-пакеті туралы ақпарат берді, атап айтқанда, инвестициялық мақсаттағы несиелер мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін ұзарту, жеңілдікпен несиелеуге тауарлар тізбегін кеңейту, тамақ өнеркәсібі саласында айналым қаражатын 100%-ға дейін қаржыландыру, сондай-ақ басқа да өзгерістер. Ұсынылған өзгерістерді бизнес-қоғамдастық қолдап отыр, олар халыққа арналған тауарлар шығарылымын арттыру үшін қажет.

 Абылай Мырзахметов тағы бір маңызды бағыт – жеңіл өнеркәсібі, жиһаз өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдар тауарлары бойынша жергілікті қамтуды дамыту бойынша жұмыс барысын атап өтті.

 «Мемлекеттік сатып алуларда 11 ай ішінде төрт сала бойынша жергілікті қамту үлесі орта есеппен 39%-ды құрады», – деп атап өтті Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы.

Осы ретте бірқатар өңірде жергілікті қамту бойынша жоғары көрсеткіштер байқалып, белгіленген КРІ деңгейі жүзеге асырылған.

 Абылай Мырзахметов сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдануға мониторинг жүргізу бойынша атқарылған жұмысқа, сондай-ақ ДСҰ-ның мемлекеттік сатып алулар жөнінде  келісіміне Қазақстанның қосылуына жекелей тоқталды. Атап айтқанда, спикер бекітілген ұлттық стандарттар бола тура мемлекетаралық стандарттарды қолдану, жекелеген ұйымдардың стандарттарын көрсету, сонымен қатар стандарттарды көрсетпеу сынды бұзушылықтарды айтты. Нәтижесінде мұндай бұзушылықтар сапасыз импорт өнімінің сатып алуларына әкеп соғады.

 ДСҰ-ның Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісіміне қосылуға қатысты мәселеде отандық өндірушілердің ағымдағы жүктелуі, олардың жоспарлы қуаты, тапсырыс берушілердің орта мерзімді сұранысы, шикізаттық  және технологиялық базаның болуына қатысты алдын ала егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажеттілігі айтылды.

 Сондай-ақ Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы Үкіметке импортты алмастыру әлеуетіне алдын ала талдау жүргізу және ары қарайғы жұмысқа 362 тауар тобын іріктеудің қорытындысы туралы баяндады.

 «Осы ретте аталған тізім нақты емес. Біз бизнестің негізгі критерийлер – импорттың жоғары деңгейі, өткізудің әлеуетті нарықтарының болуы, қажетті шикізат пен біліктіліктің болуы бойынша бастамаларын қарастыруға дайынбыз», – деді спикер.

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Жеңілдікпен несиелеу, сатып алулар және импортты алмастыру бағдарламасының жүзеге асырылуы Үкімет тарапынан үнемі бақылауда және аталған бағыттар бойынша жұмыс келер жылдан күшеетінін айтты.

 «Мемлекеттік органдар және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесуімен сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс белсендіріледі», – деп мәлімдеді Роман Скляр.

Отырысты қорытындылай келе ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық өндірісті дамытуды тұрақты қолдау маңыздылығын атап өтті.

 «Мемлекеттік органдар, әкімдіктерге Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Жобалық алқа алаңында жұмысты жалғастыру керек. Әкімдіктер импортты алмастыру үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын кәсіпкерлерді іздеуге белсенді кірісіп, оларға қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қажет», – деп тапсырма берді Үкімет басшысы.


Серіктестер