«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жеңіл старт: Павлодарлық «Бизнес-мектептің» тыңдаушылары оқуды бастады

2020 жылғы 29 Қаңтар
- Павлодар облысы
7200 просмотров

Жеке кәсіпті неден бастау керек? Кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлердің басты қателіктері қандай?

Мемлекеттік бағдарламалар көмегін кім ала алады? Нарықтағы бәсекелестік және жаңа нишаны іздеу – осы және басқа да өзекті мәселелерді «Бизнес-Кеңесші» оқу курсы анықтайды. Бағдарлама – жаңа емес. Алайда, биыл бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілген.

 «Бизнес-Мектеп» оқыту курсы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. «Бизнес-Мектептің» «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсу» атты құрауыштардан тұрады. Әр құрауыштың өз аудиториясы бар. Биыл бағдарламада бірқатар өзгерістер жасалды. Мысалы, «Бизнес-Кеңесші» курсымен оқу екі күнді құрайтын. Сәйкесінше, осы уақыт ішінде алынған білім көлемі үлкен болмайтын. Енді оқыту 10 күн бойы жүреді. Бизнес-тренер әр тақырыпқа егжей-тегжейлі тоқтап, бизнес жоспарлаудағы олқылықтарды реттеуге мүмкіндік бар», – деді Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова.  

 «Бизнес-Мектеп» тыңдаушыларымен кездесіп, Әнел Жампейісова оларға қазіргі уақытта бизнес-қауымдастықпен бірқатар есеп беру кездесулері өтуде, оның негізгі мақсаты кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы ақпарат беру, сонымен қатар бизнесті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді зерттеу екенін айтты.

 «Жыл басы – өткен жылға қорытынды жасап, келер жылға жоспар құрудың қолайлы кезеңі. Кәсіпті енді бастаған және көп жылдар бойы жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпаратты білу маңызды. Сонымен қатар бизнес қызметін реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерістер бар. Осындай форматтағы кездесулер кәсіпкерлер үшін тиімді өтеді, спикерлерге сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді көтеруге болады», – деп атап өтті Әнел Жампейісова.  

 Кездесуде кәсіпкерлер көп сұрақ қойды. Мәселен, кәсіпкердің бірі гранттық қаржыландыруға қатысу үшін 10%-дан кем емес жеке қаражатпен қатысу талап етілетіні жайында сұрады.

«Мұндай сома көп жағдайда бастауыш кәсіпкерлерге ауыр. Индустриялық сертификатты алу қажеттілігі де кәсіпкерлерде қиындықтар туғызады. Сонымен қатар кәсіпкерлер табыс болмағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетіне де шағым айтты», – деді Әнел Жампейісова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер