«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қазақстандағы голландиялық инвестор: табыс тағылымы

2020 жылғы 05 Наурыз
- Ақтөбе облысы
66997 просмотров

«Green Capital Kazakhstan» ЖШС бас директоры, Ақтөбе қаласындағы голландтық инвестор Диедерик Алевен Қазақстан Республикасындағы инвестициялық тәжірибесі туралы «Linkedin» халықаралық әлеуметтік желісінде бейне-пост жариялаған болатын «Green Capital Kazakhstan» ЖШС компаниясы қызанақ өсірумен және оларды сатумен айналысады. Компания 2018 жылы «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесімен және «Атамекен» ҰКП келісім жасаған.

«Ақтөбедегі жылыжайлық дамуымызға нәтижелі қолдау көрсетілгеннен кейін, біз Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында болдық. Біздің қиын уақытта тапқан қолдауымызды, Қазақстанның шетел инвестицилярын қолдауының дәлелі деп түсінеміз. Нәтижесінде жоба аясындағы 2 фаза құрылыс сатысында болса, ал 3 және 4 фазалар іске асырылуға дайындалуда! Таң қаларлық фактілер. Біз жылына 3000 тоннадан астам қызанақ өндіріп келеміз. Ал соңғы фазаны тәмамдаған кезде өнімділігіміз жылына 12 000 тоннадан асатын болады. Қазақстан бізге өзінің ашықтығын көрсетіп, қолдау білдіріп отыр», - деп Диедерик Алевен атап өткен.

Атаулы сұхбат желіде тез таралып, «Linkedin» қолданушыларының лайктері мен таңғалыс пікірлеріне ие болды.   

«Linkedin» әлеуметтік желісі 500 миллионнан астам пайдаланушы мен бизнес-қауымдастықтардың таяу және алыс шетелдегі өкілдерінің басын қосады.

Бұған дейін Д. Алевен мырза түрлі құрылғыларды тасымалдап әкелу кезінде Мемлекеттік кірістер комитеті кеден органдарының жоспардан тыс тексерулеріне тап болып, нәтижесінде фискалдар тарапынан техниканың бұрыс жіктелуіне байланысты 350 млн. теңге сомасындағы баж салығы артық есептелген. «Green Capital Kаzakhstan» ЖШС компаниясының өкілдеріне көлемді сома есептеудің негіздемелері мен олар бойынша түсініктемелерді ешкім бере алған жоқ.

Бұдан әрі инвестор «Protecting business and investments» жобалық кеңсесіне жүгінген. Жобалық кеңсенің араша түсуі нәтежиесінде ғана проблемалық мәселелер өзінің оң шешімін тапты.
Жалпы халықаралық сападағы томат өнімі облыста жоғары сұранысқа ие. Бұны растау үшін статистикалық деректерді мысалға алайық. 2018 жылы республикада қызанақ келісінің орташа бағасы 416 теңге болса, Ақтөбе облысында 520 теңгені құраған. Ал 2019 жылы орташа баға елімізде 474 теңге болса, Ақтөбе облысында 487 теңге сомасын құраған. Осылайша нарыққа голландиялық компания келгенге дейін облыстағы қызанақ бағасы республикалық деңгейден 26%-ға жоғары болған. Ал компания өнімдері нарыққа жеткізіле басталғаннан кейін қызанақ бағасы орташа республикалық баға деңгейінен 2,7%-ға төмендеген. Компания толық қуатта жұмыс жасап жатқан жоқ. Жылына бар болғаны 3000 тонна қызанақ өндіріледі. Кәсіпорынның соңғы фазасы іске қосылғаннан кейін «Green Capital Kаzakhstan» жылына 12 000 тоннадан астам өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, өткен жылы голландиялық компанияның қызметі салық төлемдері арқылы бюджетті 103,6 млн. теңгеге толықтырған. Компанияның барлық қызметкерлері, 120 адам - жергілікті мамандар.
Инвестордың бұндай жетістігіне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2018 жылы өз жұмысын бастаған «Protecting Business and Investments» жобасы ықпал етті. 2019 жылдың соңындағы ақпаратқа сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша осындай 420 келісімге қол қойылған.  Диедерик Алевен сынды Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия елдерінің, сондай-ақ жергілікті жердің инвесторлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім білдірген. Бизнес жұмысына кедергі келтірген 625 мәселе өз шешімін тапты. Бүгінгі күні Агенттік сүйемелдеп отырған инвестициялық жобалардың жалпы сомасы 3,9 трлн. теңгені құрайды.
«Protecting Business and Investments» жобасының тиімділігін жер құқығы қатынастары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік кедергілер бойынша, қосымша салықтарды заңсыз есептеу мәселелерін шешудің жарқын мысалдары дәлелдеп отыр.

Сұхбатқа сілтеме: https://www.linkedin.com/posts/dirk-aleven-79a5971_after-succesfully-supporting-our-greenhouse-activity-6638989359603294208-rffH#share-modal 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер