«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

ҚР Денсаулық сақтау министрі коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде жаңа санитарлық ережелерді бекітті

2020 жылғы 07 Шілде
16469 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу үшін санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерді бекітті

 COVID-19 таралу қаупінің алдын алу үшін санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мақсатында бас санитарлық дәрігерлер келесі шараларды іске асырады:

 -өңірлер арасында авиа тасымалдар, теміржол тасымалы, басқа да жолаушылар тасымалын реттеу, сондай-ақ жеке көлік құралдарында жүріп-қозғалуды реттеу;

-ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуді реттеу;

-діни, отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, той, мерейтой, ас), соның ішінде бірге тұратын адамдар ғана қатысатын шаралардан бөлек, үй алдында өткізілетін іс-шаралардың өтуін реттеу;

-объектілер қызметін реттеу;

-халықтың жүріп-тұруын реттеу;

-мемлекеттік органдардың (ұйымдар), ұлттық компаниялардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың олардың карантин кезеңіндегі қызметіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілеу жөніндегі қызметін реттеу;

-қоғамдық орындар, өнеркәсіптік аумақтар, әуежайлар, тұрғын үй ауласындағы балалар ойын алаңдары және басқа да объектілерге санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жүргізуді реттеу;

- қызметтері рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитарлық және дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды қамтамасыз ету. 

 Ережелердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер