«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қызылордалық кәсіпкерлер «Аға сеньорлар» компонентіне отандық немесе шетелдік сарапшыларды шақырта алады

2020 жылғы 20 Шілде
- Қызылорда облысы
3322 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева айтты.

Палата маманы «Аға сеньорлар» инструменті отандық сарапшылардың тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, салалық ерекшеліктерін басшылыққа алып кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға, жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологиялары мен персоналды оқытуға қатысты сұрақтар бойынша тікелей кәсіпорында қатысушыларға кеңес беру мен тәжірибе алмасуға бағытталғандығын жеткізді.

«Аға сеньорлар» құралына:

- «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің субъектілері қатысушы бола алады. Жылдық айналымы 5000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет.

 - Компонент бойынша сарапшыларды тарту шығындары, сонымен қатар сарапшылардың жол шығындары мен қызметіне қатысты шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

- Сарапшының өндіріс орны орналасқан өңірде болуымен байланысты шығындар: тұру, тамақтану, тасымалдау, тәулікақы шығындары кәсіпкермен дербес төленеді.

Бұл құралдың тиімділігі жөнінде: «Өткен жылы облысымыздың 4 кәсіпкері шет елдік маманды сарапшы ретінде шақыртты. Мәселен, Қырғызстаннан келген маман тігінмен айналысатын қызылордалық кәсіпкерге қызметкерлерін жылдам тігін тігуге үйретіп кетті. Ал Қазалы ауданындағы тіл дамыту орталығына келген шет елдік маман үйренушінің сөздік қорын арттыруға қатысты оңтайды тәжірибесімен бөлісті. «Аға сеньорлар» құралы тегін көрсетілетін қызмет. Сол үшін де қазіргідей қиын кезеңде кәсіпкерлерімізді аталмыш құралды белсенді қолдануға шақырамыз», - дейді Палата сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева.

Палата маманы карантинге орай кәсіпкерлер сарапшылардың қызметін онлайн да ала алатынын айтып отыр.

Кәсіпкерлер өтініштерін Қызылорда қаласында Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан «Бастау» бизнес-орталығының 1-қабатындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, аудандарда Палатаның филиалындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына қалдыра алады. Сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Гүлнұр Құрмантаеваға 8/7242/40-08-74 байланыс телефоны арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ, 1432 сall-сentre-ден де кеңес ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер