«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Рудный қаласында кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау арқылы балық өңдеу цехын іске қосты

2020 жылғы 07 Қазан
- Қостанай облысы
10173 просмотров

Наталия Черкашина және Алла Боранбаева балық бизнесін осыдан 7 жеті жыл бұрын қолға алған. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлер көп қиындықты өткерді: доллар бағамының күрт өсуі, несие алуда бюрократиялық олқылықтар, тіпті өрт жағдайы... Алайда бұл қиындықтар екі құрбыға әдеткі «алып-сатудан» ауысып, балықтың өңдеу бойынша кәсіпті бастауға кедергі бола алмады

Наталия мен Алла күйеулері арқылы танысқан. Екеуі де балық зауытында жұмыс істеген, кейін әркім өзінше кеткен.  

 «Біз көлді жалға алып, онда балық өсіретінбіз. Кәсіп табысты болды, тіпті жолдамаларды да саттық. Бірақ бір кезде көл қожайыны біздегі табысты көріп, көлді босатуды сұрады. Біз барлық балықты тралмен жинап алып, жеке кәсіп ашудың кезі келді деп шештік. Жалғыз бастауға қорқып, достарымызбен біріктік», – деді Наталия Черкашина.

Бастапқыда бәрі жақсы болды. Қажетті орынжай табылды. Бұрын шұжық цехы болған ғимартта атау ғана қалған. Кәсіпкерлер идеямен құлшынып, бұл ғимарттан бос қабырғаларды емес, жұмыс қызып жатқан заманауи өндірісті елестетті. Бірақ осы тұста доллар күрт өсіп кетті...

 «Келісімшартты доллар курсымен жасадық. Бір күн ішінде ол еке есе өсіп кетті. Цехтың бағасы күрт өсті. Бірақ артқа шегінер жер болмады – пайызы жоғары несиелер алдық, достар, таныстардан қарызға алдық, сатуға болатынын бәрін саттық», – деп еске алды  Алла Боранбаева.

Барлық күшті ортаға салып бірінші кедергі енсерілді. Ақырындап бизнес аяққа тұрды. Ер азаматтар жеткізілімдер және балықты жеткізумен айналысты, әйелдер – іс-қағаздарды реттеді. Бірақ кәсіпкерлер кәсіпті ауқымды дамытуды қалады.

 «Сол кезде «Бастау» курсы жайында естідік. Бірінші мен оқыдым, содан кейін Алла қатысты. Бірақ несие алу іске аспады... Барлық жерде көп құжат сұрады, анықтамалардың мерзімі тез күйіп кететін. Сонда бізге «Атамекен-Қостанай» микроқаржыландыру орталығына баруға кеңес берді. Орталықтан бір апта ішінде жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алдық. 2 млн теңгені жабдық алуға, 800 000 теңгені балық алуға жұмсадық», – деді Наталия Черкашина.

Осы уақытқа цех Рудный және Қостанай дүкендеріне ысталған және қақталған балық жеткізе бастады. Несие арқылы ассортимент балықтың тартылған етімен толықты.

 «Тартылған етті кез келген балықтан жасаймыз, бірақ ең сатылымды – табан балықтың еті. Табан балық дәмді, пайдалы, және бағасы да арзан. Біз жабдықты айына 5000 тонна есебімен алдық, бірақ пандемия келуімен айналымды біраз төмендеттік. Қазір ептеп қосып жатырмыз», – деді Алла Боранбаева.

Наталия мен Алла кез келген қиындыққа дайын. Әр олқылықтан сабақ алуға болады деп санайды. Мәселен, цехте өрт шыққанда олар өндірісте түнгі кезекшілікті ұйымдастырды, енді балық өңдеу цехі үнемі бақылауда.

 Бизнес ханымдардың жоспарлары көп...

«Әрине, көп көлемде өндіріп, жаңа нарықтарға шығуды қалаймыз... Ол үшін сертификаттаудан өту керек, онда талаптар қатаң. Оны іске асыру үшін көп қаражат керек. Тағы да тәуекелге бел буып, несие алып көрмекпіз», – деді Наталия.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер