«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында кәсіпті енді бастаған шаруаларға семинарлар өтті

2020 жылғы 03 Қараша
- Қостанай облысы
6496 просмотров

 «Атамекен» ҚР ҰКП қостанайлық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тегін семинарларды ұйымдастырды. Семинарлар жылқы шаруашылығы және ірі қара малдың өнімділігін арттырудан бастап жем-шөп пен жылыжай шаруашылғына дейін түрлі тақырыпта өтті. Облыста дәрістердерге 120 бастауыш шаруа қатысты

Оқытуды Агро біліктілік орталығының мамандары, сондай-ақ шақырылған лекторлар жүргізді. Олар мамандандырылған кәсіпорындардың экономикалық мүмкіндіктері, ауылшаруашылық өндірісінің технологиялық ерекшеліктері туралы айтып, сонымен қатар заңнамадағы жаңалықтар туралы ақпарат берді.

 «Семинар өте пайдалы болды, өйткені өзімде маман-практик қана жауап бере алатын салалық сұрақтар жиналып қалып еді. Дәрісті ғалым-агроном және селекционер Серік Жантасов оқыды. Маман жылыжайларда көкөністерді қалай өсіру туралы бәрін біледі. Оның үстіне, оның теориялық негіздері ғана емес, сонымен қатар жеке тәжірибесі де бар. Ол бізге қандай ұсыныстар шынымен жұмыс істейтінін, ал қайсысы сәйкес келмейтінін, жабдықты қайдан сатып алуға болатынын айтты. Біз сұрақтарымызға нақты және түсінікті жауаптар алдық», – дейді Айгүл Шакирьянова.

 Айгүл Шакирьянова үшін семинар кәдеге асты, ол – «Бастау» жобасының түлегі. Жақында грант алып, осы қаражатқа жылыжай алды. Енді алынған білімді тәжірибеде іске асыру ғана қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер