«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Абайлаңыз, алаяқтар! Құрметті кәсіпкерлер, сақ болыңыздар

2020 жылғы 19 Қараша
4713 просмотров

Соңғы уақытта алаяқтар өздерін коллектор агенттіктерінің қызметкеріміз деп қоңырау шалып, «Атамекен» атынан мемлекеттік грант беруді уәде еткен жайттар жиілеп кетті

 Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен шағымдарға сәйкес алаяқтар берілетін грант үшін қолданыстағы несиелік қарызды жауып беруді сұрайды (қарызды коллекторлық агенттігіне жіберу керек-мыс).

Бизнес өкілдері тарапынан мұндай шағымдар Алматы және Қарағанды қалаларынан түскен. Телефон алаяқтары негізінен «Бастау Бизнес» түлектеріне қоңырау шалған.

 Осыған байланысты «Бастау Бизнес» жобасы аясында өңірлік кәсіпкерлер палаталары қаржылай операцияларды іске асырмайтынын, оқу курстарын жүргізіп, қатысушыларға сүйемелдеу көрсететінін ресми түрде хабарлаймыз.

 Жоба аясында қатысушыларды оқыту, кеңес беру қайтарымсыз негізде жүргізіледі, жобаларына сүйемелдеу 1 жыл бойына көрсетіледі.

 Оқу аяқталған соң сертификат беріледі.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтардан қырағылық танытып, мұндай өтініштер туралы құқық қорғау органдарына алдын-ала хабарлауды сұрайды. Сізден жеке деректер мен жеке шот нөмірлерін осындай қоңырау шалушыларға бермеуіңізді сұраймыз.

 «Атамекен» ҰКП жұмысының барлық бағыттары бойынша ақпарат алу үшін бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады: 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер