«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда ерлі-зайыпты тротуар плиткасын өндіру цехін ашты

2020 жылғы 22 Желтоқсан
- Қостанай облысы
9845 просмотров

  Владимир Дмитриев және Наргиза Қылышпаева пандемия кезінде кәсіп ашуға қорықпады. Бизнестегі алғашқы қадамдарды жасауға кәсіпкерлерге 530 200 теңге көлеміндегі мемлекеттік грант көмектесті. Қазіргі кезде тротуар плиткасын жасау бойынша цех жолға қойылған

 Отбасында секілді бизнесте де әркімнің қызметі нақты бөлінген. Владимир өндірістік бөлікті орындаса, Наргиза бухгалтерия және басқа да іс-қағаздармен айналысады. Оған тиісті білім мен білік те бар. Ал кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне Наргиза зор ынтамен оқып шықты. Оған Қостанай облысы Кәсіпкерлр палатасы жанындағы «Бастау» курстары көмектесті.

 «Бастауға» декреттік демалыста жүргенімде бардым. Жолдасым екеуміз бизнес туралы көп армандадық. Курс барысында арман жүзеге аса бастады. Жолдасым бұрын жалданбалы жұмыс істейтін, тротуар плитасын әзірлейтін, сондықтан осы бағытты таңдап, цех ашқысы келді. Кәсіп бастау пандемиямен тұспа тұс келді. Грант қаражаты жақсы демеу болып, оған виброүстел, бетон араластырғыш, құмблокқа білдек, қалыптар, құрылыс арбасы мен құралдарды сатып алдық.  Нәтижесінде жоспар орындалды – клиенттер пайда болып, іске кірістік», – деді Наргиза.

 Сәтті старттың құпиясы – мақсатты аудиторияны дұрыс таңдау деп санайды бизнес ханым. Фирманың клиенттері – тротуар плиткасы аула мен есіктің алдын әрлеуге қажет ететін адамдар. Ірі өндірушілер шағын кәсіпкерлермен жұмыс істемейді. Бірақ Владимира мен Наргизаның өндірісі ірі көлемге негізделген.

 «Біздің ұран – көп жұмыс істеу, қиындықтарға берілмеу. Осылайша кәсіп дөңгелеп жатыр деп ойлаймыз. Тіпті кейбір тапсырыстардан бас тартуға мәжбүр болдық. Орын жетіспей жатыр. Плитка орта есеппен 2 күн кебеді, ал бізде небәрі 40 шаршы метр. Келешекте ауқымды территорияны жалдап немесе сатып аламыз деген ойдамыз», – деді Наргиза.

 Отбасының бұл кәсібі – маусымдық бизнес. Қазір цех көктемге дайындалып жатыр. Келесі жылы ассортимент кеңейтілмек. Нарықты зерттеп, бизнесмендер енді бетон сақиналарын өндіреді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер