«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында «Бастау» түлегі жартылай дайын өнім өндіру бойынша шағын цех ашты

2021 жылғы 14 Қаңтар
- Қостанай облысы
13533 просмотров

Әйгерім Тілемісова  Бала кезінен бастап қамыр илеп, нан өнімдерін әзірлеуді  ұнататын

 Бұл істе жайлы әрі қарапайым нәрсе бар. Келіншекке аспаздық хоббиді табыс көзіне айналдыру идеясы декреттік демалыста пайда болды. Қазір 27 жастағы Әйгерім – үш баланың бақытты анасы және Қарасу ауданының облыс орталығында орналасқан жартылай дайын өнімдерді шығаратын шағын цехтың иесі

Алайда, ол цехтің тек иесі емес, сонымен қатар технологы, қамыр илеуші, есепші – осының бәрін өзі атқарады. Көмекшілерді жалдауға әлі қаражат жеткіліксіз. Алайда Әйгерім Тілемісоваға жұмысы өзіне ұнайды.

«Мен әзірлеген тұшпараларды барлығы танып алған – олар майда, қамыр жіңішке, еті дәмді. Басқа жартылай дайын өнімдерге ұқсастығы жоқ. Сондықтан болар тұрақты клиенттерім бар. Мысалы, балаларына қонаққа қалаға баратын әйелдер. Заманауи әйелдерге ас әзірлеуге уақыты тапшы, ал үй тұшпарасы, манты, котлеттер – бұл тез, дәмді әрі пайдалы», – дейді Әйгерім Тілемісова.

 Әйгерімнің мамандығы – дәнді дақылдар технологы. Алайда мамандық бойынша жұмыс істеудің реті келмеді – тұрмыс құрды, декретте отырып қалды. Бала күтімінде жүріп, кәсіп бастау үшін ол тапсырысқа тұшпара дайындай бастады. Дәмді тұшпаралар тез өтіп, тапсырыстар көбейді.

 Әйгерім уақыт келе хоббиді бизнеске айналдырмақ болды. Оған Қостанай облысы ӨКП жанындағы «Бастау» жобасы көмектесті. Жоба арқылы келіншек қажетті білімді игеріп, 505 000 теңге көлемінде грант алды. Осы қаражатқа ол тоңазытқыш, мұздатқыш камерасын, ет тартқыш, асханалық ауа сорғыш пен стол сатып алды. 2020 жылы Әйгерім жеке орынжайда цех ашты, онда аспаздық туындылар әзірленді.

 «Жұмыс кестені балаларыма қарай реттеймін. Үш балам бар, кіші қызым бірге толады. Барын үлгеремін – жұмысқа бәрі ұйықтап жатқанда таңғы 8-де кетіп, түсте келемін, балалармен біраз болып, цехты 5-30-да жабамын. Тапсырыстар бар, мәселе шикізатта, нақты айтқанда бағасы қымбат. Ет қатты қымбаттап кетті. Сондықтан тұшпараның бір келісі 1500 теңгеге сатамын. Көп адамның қалтасы көтермейді. Біреу барып дүкеннен 700 теңгеге тұшпара алады, сапасына қарамайды», – деді Әйгерім.

 Цехте өндірілетін ассорттимент – тұшпара, манты, котлеттер, голубцы және тефтелилер. Алайда бизнес ханым бұл жетістікпен шектелмек емес. Жақында ол кондитерлікті қолға алды. Әйгерім пісірген балкүлшелер де жақсы сұраныста. Ары қарай «Бастау» түлегі жаңа жұмыс орындарын құрмақ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер