«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

ASHYQ жобасына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

2021 жылғы 01 Ақпан
117892 просмотров

 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды. Цифрлық мониторинг ретінде QR-код қолданылады. Жобалық кеңсе (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Цифрлық даму министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП) аталған жоба бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

 Осы мобильді қосымшаның әзірлеушісі кімдер?

 «Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компаниясымен әзірленді.

Жобаның бизнес пен халық үшін артықшылығы неде?

 Негізгі артықшылық – қауіпсіздік. Қазіргі кезде бизнес коронавирустың қайта өршу қаупіне байланысты айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеп жатыр. Бір жағынан халық та осы режимге бейімделіп, әдеткі белсенділіктен бас тартуға мәжбүр. «Ashyq»  қосымшасы  QR-код және ПТР базасымен интеграция арқылы қоғамдық орынға келушінің ковид-статусын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық нормалармен қатар қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

 Нысанға келушілер мен персоналдың індетті жұқтыру тәуекелдері азайғандықтан пилоттық жоба карантиндік шектеулер кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

QR-коды кімге беріледі – кәсіпкерлік субъектісіне әлде клиентке ме?

QR-код бизнес субъектісіне беріледі. Кәсіпкерлер пилоттық жобаға қатысу үшін жеке QR-кодты InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы ала алады.

Бұл қандай QR-код?

QR-код бизнес субъектісінің электронды  идентификаторы, онда субъектінің атауы, оның орналасқан жері және сәйкестендіру деректері көрсетіледі. 1 нысанға кіре беріске және шыға беріске ең кемі 2 QR-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіреберіс болса, онда әр кіреберіске жекелеген QR-код орнатылады.

 Құрылғы келуші үшін қалай жұмыс істейді?

 1. Нысанға келуші өзінің жеке телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіп, ЖСН дерегін теріп, өзінің нысанға келуін растауы үшін нысанның QR-кодын телефоны арқылы  сканерлейді. Сондай-ақ шыға берісте де шығуды белгілеп кету үшін QR-кодты сканерлеу қажет.

 2. Клиенттің қолында смартфон болмаған жағдада, немесе аталған мобильді қосымшаны жүктеуге қиындықтар туындаса нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы жауапкершілік жүктеледі, оның көмегімен қызметкер келушінің ЖСН дерегі арқылы клиенттің нысанға кіргенін тіркеп алады.

 Мобильді қосымшада келушіні тіркеу не үшін қажет?

 QR-кодты сканерлеген соң мобильді қосымшада келушінің статусы түрлі-түсті форматта жанады, ол арқылы келушінің індетке шалдығуы немесе науқас адамдармен байланыста болғаны анықталады.

 Қызыл статус – жүріп-тұрудың шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

 Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан (мысалға әуежай) басқа жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус – жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Қосымша неге негізделіп келушіге статус белгілейді?

Статус ақпараттық жүйелермен сәйкестендіру негізінде ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 басқару орталығымен беріледі

Қазіргі кезде қосымша пилот режимінде іске қосылған ба?

  «Аshyq» пилоттық жобасы техникалық олқылықтарды жойып, интерфейсті жақсартуға, жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік беріп, бизнес және халықты  үйренуіне уақыт береді.  Осы ретте пилотқа қатысуға ниет білдірген бизнес салаларының тізімі айтарлықтай кең, алайда бұл мобилтді қосымша мәселенің шешімі емес екенін түсінеміз. Дегенмен пилоттық жоба санитарлық дәрігерлерге сараптаманы жолға қойып, ағымдағы шектеулерді оңтайландыруға болатынын анықтауға жағдай жасайды.

Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде бизнес объектілеріне жеңілдіктер беру және әсер ету туралы шешімдер республикадағы COVID-19 бойынша эпидахуалды зерделей келе Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында пилоттың нәтижелерін бақылағаннан кейін қабылданады.

QR-кодты қанша жастан бастап қолдануға болады?

 Қосымшада кәмелетке толған ҚР азаматтарына ғана беріледі.

«Ashyq» қосымшасында резидент емес азаматтарды тіркеу қалай жүргізілмек?

 Қазіргі кезед пилоттық жобада шетел азаматтарын тіркеу қарастырылмаған. Келешекте – төлқұжат нөмірі қолданылады.

 ПТР-тестілер нәтижесі және COVID 19 індетн жұқтыру туралы ақпарат дәрігерлік құпия саналмай ма?

 Жоқ, өйткені қосымша ерікті саналады, ЖСН дерегі келушінің келісімімен енгізіледі. Бұдан бөлек, Денсаулық туралы кодекстің 273-бабына сәйкес «медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді адамның келісімінсіз беру айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері кезінде рұқсат етіледі».   

Егер клиенттің статусы «қызыл» немесе «сары» болып шықса не істеу керек?  

 Кез келген адам вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін деген қағидатпен стандартты сақтық шараларды ұстану қажет. Егер клиентте «қызыл» немесе «сары» статус жанса, ол «күту аймағына» ауыстырылады немесе нысанға ішіне жіберілмейді. Қауіпті статусы анықталған келушінің бары туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық бөліміне хабарлау қажет.

 Ресепшндегі қызметкер «сары» статусы бар клиентпен байланыста болса, қызметкер індет жұқтырған санала ма?

 Егер клиенттің статусы «сары» белгіні көрсетсе, ресепшн қызметкері байланыста болған деп саналмайды.

 QR-кода болмаса қандай да бір жауапкершілік жүктеле ме?

 QR-коды пилоттық жобаға қатысушы бизнес субъектісіне ғана беріледі. Ал келуші Ashyq қосымшасын ғана жүктеп алады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер