«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Ashyq»: 130 компанияға QR-код берілді

03 Наурыз 2021
266 просмотров

Бүгінде кәсіпкерлерге жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін жоба аясындағы «Ashyq» қосымшасы  20 мыңнан астам рет жүктеліп, 130-дан аса кәсіпкерлік нысанға QR-код берілген

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«22-қаңтардан бастап «Ashyq» қосымшасы Infokazakhstan.kz платформасымен интерграцияланды. Бұл жүйе карантин және пандемия жағдайында 700 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектісіне жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Әр өңірдің санитар дәрігерінің эпидемиологиялық қаулысына сәйкес «жасыл, сары, қызыл» аймақ бойынша 15 мыңнан аса кәсіпкерлік нысан жұмысын жаңғыртты», – деді Нариман Әбілшайықов.

 

Спикердің айтуынша, елімізде қызметін қайта бастамақ болған кәсіпкерлер  4 түрлі шектеу шарасына тап болуда:

  1. жұмыс уақыты және режимі;
  2. нысан толымдылығы (%, саны);
  3. санитарлық нормалар;
  4. жүріп-тұруды шектеу.

Аталған шектеулердің төртеуі де бизнестің ахуалына тікелей әсер етіп отырғанын атап өтті.

«Сондықтан отандық өндіруші «Ashyq» қосымшасын пилоттық жоба ретінде ұсынды. Бүгінде бұл қосымша эпидахуалға байланысты QR код арқылы адамның көпшілік жиналатын орындарға баруына кері көрсетілімі, аурудың қандай да бір белгілері бар-жоғын білуге мүмкіндік береді», – деді спикер.

Сондай-ақ жобаның бірінші кезеңі 17 қаңтардан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында сәтті жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

«Бүгінде жоба аясында «Ashyq» қосымшасы  20 мыңнан аса көп жүктеліп, 130-дан аса кәсіпкерлік нысанға QR код берілді.  Өңірдің «қызыл» немесе «сары» аймақта тұрғанына қарай кәсіпкерлік нысан жұмысын жалғастыра алады. Пилоттық жоба тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жоба Оңтүстік Азия елдерінде де тиімділігін көрсетті», – деді Нариман Әбілшайықов.

 

Анықтама:

Жобалық кеңседе (ҚР ЦДИАӨМ, ДМ, ҰКП) пилоттық жобаны 5 кезеңмен жүзеге асыру туралы келісім жасалды:

1 кезең: рұқсат етілген қызмет түрлері, барлық өңірде ресепшн қызметі орналасқан фитнес-орталықтар, спа-орталықтар, бассейндер, сауналар;

2 кезең: компьютер клубтары және боулинг;

3 кезең: кинотеатрлар, және онлайн брондау мүмкіндігі бар барлық нысан;

4 кезең: қалған рұқсат етілмеген қызмет түрлері (оның ішінде фудкорттар, банкет залдары, караоке);

5 кезең: «Ashyq» жобасын барлық өңірге тарату.

 


Серіктестер