«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық кәсіпкерлерді МЖӘ аясында студенттік жатақханалар мен мектептер салуға шақырады

2021 жылғы 17 Мамыр
- Қостанай облысы
7614 просмотров

Қазақстанда студенттік жатақханалар мен мектептердің тапшылығы мәселесін жеке инвесторлар есебінен шешу шарасы бірнеше жыл бұрын қолға алынды. Жылдан жылға жоба аясында бизнеске қарастырылған шарттардың тартымдылығы артып келеді. 17 мамырда Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік нысандардың құрылысын мемлекеттік қолдау механизмдеріндегі соңғы өзгерістер туралы хабарланды.

 «2018 жылы бағдарламаны енді ғана іске қосып жатқанымызда, Қазақстанда жатақханалардағы орынға тапшылық 75 000 орынды құрайтынын есептедік, ал іс жүзінде 90 000 орын қажет екен. Мәселені шешу үшін біз механизмді әзірледік, оған сәйкес кез келген кәсіпкер жатақхана сала алады, ал біз 8 жыл бойы оған мемлекеттік тапсырысты төлеп отырамыз – жылына бір төсек-орынға 122 АЕК. Бүгінгі таңда бұл сома 355 000 теңгені құрайды. Егер 500 орындық жатақхана мысалында есептесек, онда жыл сайынғы төлемдер 177 млн теңгені құрайды. Типтік жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, Қостанай облысында жатақхана құрылысы 1,2 млрд теңгені құрайды, ал біз 1,6 млрд теңге төлейміз», – деді ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Алпамыс Сатыбалдин, бағдарламаның барлық артықшылықтарын тізіп.

 Барлық жобалық-сметалық құжаттама климаттық жағдайларға қарай бөлініспен http://www.fincenter.kz/ сайтанда жарияланған. Демек, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кәсіпкер қаражат төлемейді.

 Сонымен қатар жоба аясында салынған ғимараттарды реконструкциялау мүмкіндігі қарастырылған. Пандемия жағдайында бұл мәселе өзекті. Кейбір өңірде кәсіпкерлер қонақ үй кешендерін студенттік жатақханаларға қайта құрылымдаған. Реконструкциялауға төлемдер бір төсек-орынға жылына 47 АЕК – 137 000 теңгені құрайды.

 Қаражат қайтарымсыз, есеп беруді ешкім талап етпейді. Сонымен қатар бос алаңдарды кәсіпкер өз кәдесіне қолдана алады – мысалға, асхана, шаштараз, спортзал ашып, немесе бос жатқан орындарды жалға бере алады. Сонымен қатар студенттердің тұрып жатқаны үшін төлемді кәсіпкер өзі белгілейді, бұл сома да кәсіпкерлің қалтасына түседі.

Студенттерден тұратын, кәсіпкер өзі белгілейтін жатақхана ақысы да кәсіпкердің қалтасына түседі. Жалғыз шарт – нысанның мақсатын 20 жыл бойы өзгертпеу қажет. Кәсіпкер нысанды жатақхана ретінде ғана банкке кепілге қоя алады немесе сата алады.

«Жобаны әзірлеуден бастап механизмге кәсіпкерлердің пайдасына қарай бірқатар өзгеріс жасалды. Біз жатақхананы бірден 100 пайызға толтыру мүмкін еместігін түсінеміз.  Сондықтан біз бастапқы кезеңде қосарлы түзету коэффициентін қолданамыз. Мысалға 100 студент орналасса, біз 200 студент үшін төлем жасаймыз. Егер 200 студент қоныстанса, 400 студентке төлем жасалады, жобалық қуаттылық ескеріледі. Соңғы өзгерістер пандемияға байланысты. Барлық бизнесмен карантиндік шектеулер кезінде студенттер жатақханада тұрмаса да 100 пайызға төлем алып отыр. Кәсіпкер мұндай жағдай орын алғанына кінәлі емес. Өзінің міндеттерін орындады – жатақхана салды, сондықтан біз өз тарапымыздан міндеттерімізді орындап отырмыз», – деп атап өтті Алпамыс Сатылбалдин.

Тура осындай механизм жеке мектеп құрылысында да іске асуда. Бірақ бұл жағдайда кәсіпкер төлемнің 2 түрін пайдалана алады: операциялық шығыстар және әрбір оқушы орны үшін ғимаратты амортизациялауға арналған шығыстар. Егер ғимарат жаңадан салынса, бизнесмен жылына бір оқушы үшін 280 000 теңге, егер қайта жаңғыртылса – 137 000 теңге алады.

 Төлемдер АЕК мөлшеріне байланысты, әр жыл сайын индекстеу жүргізіледі. Тіпті дағдарыс немесе форс-мажорлық жағдай болса да соманы ешкім қысқарта алмайды. Анықтама алу үшін «Қаржы орталығы» акционерлік өоғамына тікеле хабарласуға болады: 8 (7172) 695-127, www.fincenter.kz, www.studdom.fincenter.kz.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер