«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында «Бастау Бизнес» түлектерін несиелеуге 1 млрд теңге бөлінді

2021 жылғы 08 Маусым
- Қостанай облысы
8444 просмотров

Қаражат  2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру шеңберінде қарастырылған. «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне жеңілдетілген несиені «Атамекен-Қостанай» МҚҰ» ЖШС арқылы беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі –жылдық 6%-дан аспайды.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша несиелеу алғаш рет іске асырылуда. Республика бойынша осы қаражатқа 22,5 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 1 млрд теңге Қостанай облысына қарастырылған. Микро несиені өтеу мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығында – 7 жылға дейін. Ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарына ең жоғары сома – 2 500 АЕК-ке дейін, қалалар мен моноқалаларға – 6 500 АЕК-ке дейін», – деп түсіндірді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Лейла Ақтаева.

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы аясында Қостанай облысында 1 250 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 627 өңір тұрғыны сертификат алды, тағы 249-ы оқу процесінде. 170 түлек өз ісін ашуға грант, тағы 61 қатысушы жеңілдетілген несие алды.

Өңірде 14 маусымда жобаның үшінші легіне өтінімдер қабылдау басталады. Қатысушылар жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары бола алады, оқуға өітінім беріп, жолдама алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің көшірмесі болуы қажет.

 «Бастау Бизнес» жобасына қатыса алатын азаматтар:

 1) жұмыссыз азаматтар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан), сондай-ақ ел Үкіметімен белгіленген азаматтардың жекелеген санаттары қатыса алады, соның ішінде, ауылдық елді мекендер, қалалар, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

2) егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмеген жағдайда мүгедектер;

 3) зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

4) жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;

5) табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

6) ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

7)  қоныс аударушылар және қандастар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер