«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Шағын дүкендерге таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс процесі жеңілдейді

2021 жылғы 09 Тамыз
- Қостанай облысы
8101 просмотров

Қазақстанда тауарларды таңбалау үдерісі қарқын алуда.

Темек өнімдеріне таңбалау міндетті шара болды. Алайда үй жанындағы дүкендердің иелері жаңа реформа ұсақ-түйек сауда-саттығын қиындата түседі деп санайды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері және «Қазақтелеком»АҚ Тауарларды таңбалау және қадағалау операторының қатысуымен Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте кәсіпкерлер жаңашылдыққа қатысты өз алаңдаушылығын білдірді.  

 Цифрлық таңбалаудың мәні неде? 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда сатылатын барлық темекі өнімдерінде, сондай-ақ электрондық сигареттердің стиктерінде Data Matrix коды белгіленуі керек. Бұл кодта тауар туралы бүкіл ақпарат – өндіруші, импортер, партияның сериялық нөмірі және басқа да мәліметтер қамтылады. Бұл шара тауардың қозғалуын қадағалау үшін қолға алынып отыр. Бір бума темекі түпкі тұтынушыға жеткен кезде оны 2D-сканер көмегімен айналымнан шығару керек.

 Осы процедураларды іске асыратын жабдықты сатып алу шығындары кәсіпкерге жүктеледі, мұнымен қоса 2D-сканермен байланыстырылатын бақылау-кассалық апараттарға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету шығындары, сондай-ақ бухгалтер қызметін төлеу шығындарын да кәсіпкер көтереді. Шағын дүкендер иелерінің айтуынша, сатушы салық органдарының барлық талаптарын жалғыз өзі орындай алмайды. Ал табысы айына 300 000 теңге болатын дүкен қосымша жұмыскерді жұмысқа ала алмайды, дейді кәсіпкерлер.

 Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Нұрдәулет Орынтайдың айтуынша, бухгалтерлік қызметтер қажет болмайды, өйткені қазіргі кезде таңбаланған тауармен жұмыс істейтін шағын бөлшек саудаға бизнес-процестерді оңайлату бойынша мәселе шешіліп жатыр.

 «Таңбалау жүйесінде өткізу-қабылдап алу актілерін міндетті растау процедурасы алынып тасталады. Бұл норма бизнес үшін ерікті формаға ауысады. 2D-сканерге келетін болсақ, оның құны шамамен 25 000 теңге. Оның – Naqty Sauda Kassa  атты мобильді қосымша ретіндегі тегін баламасы да бар», – деп атап өтті Нұрдәулет Орынтай.

Кәсіпкерлер дүкен орналасқан жерде интернет байланысы нашар болса немесе бақылау-кассалық аппарат істен шықса не істеуге болатынын, мұндай жағдайда айыппұл салыныну ықтималдығын сұрады.

 «Қазіргі кезде біз түрлі өңірлерге барып, фокус-топтармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Иә, өкінішке қарай, интернетке байланысты проблема өзекті. Қазіргі уақытта деректер онлайн арқылы ғана жіберіледі. Егер бақылау-кассалық машиналар регламентінде ақпарат сақталатын «жұмсақ» чек болса, тауарларды таңбалауда мұндай мүмкіндік жоқ. Мемлекеттік кірістер комитетімен осы операцияларды постфактум өткізу мүмкіндігін талқылаудамыз», – деп жауап берді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының атқарушы директоры Нұржан Баекеев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер