«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында жалған мониторинг топтар пайда болды

2021 жылғы 16 Тамыз
- Қостанай облысы
8842 просмотров

Жалған тексерушілер бизнес нысандарды аралап, кәсіпкерлерді қорқытып, анықталған бұзушылықты кешіреміз деп ақша бопсалаған. Күмәнді тексерушілер туралы бизнесмендер әлеуметтік желілерге жазып, сондай-ақ Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына хабарлады.

 «Барлық тексеру мониторинг топтың құрамы және тексеру жоспарланған нысанды белгілеумен infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркелетінін тағы еске саламыз. Тексерудің заңдылығын кәсіпкер өзі тексере алады. Ол үшін актіде көрсетілген QR-кодты сканерлеу керек», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Еске салсақ, бұл талаптар мониторинг топтардың жұмыс алгоритмінде 1 шілдеде пайда болды. Енді әр топтың қызметін infokazakhstan.kz платформасы көмегімен бақылауға болады, онда жоспарланған тексерулер және нәтижесі туралы мәліметтер қамтылған. Олардың негізінде күн сайын өңірлер бойынша жиынтық кестелер, анықталған бұзушылықтар түрлері құрылады.

Сонымен қатар, тексерушілердің әрекеттеріне Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобына шағымдануға болады, тел: 8-705-153-91-07, 8-777-580-03-99, 8-7142-394-208, +7(7142) 54 29 53, +7 (775) 829 95 79, + 7 (775) 265 55 51.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер