«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Күнбағыс және күнбағыс майын экспорттауға квота алуға өтінім қабылдау басталды

2021 жылғы 15 Қыркүйек
- Қостанай облысы
9223 просмотров

 Қазанға квота көлемі күнбағыс дәніне 7 500 тонна және күнбағыс майына 17 579 тоннаны құрайды. Квота 15-17 қыркүйек аралығында өтініш берген экспорттаушылар арасында таратылады.

 «Еске салсақ, тауардың осы тобын шығаруға 6 қыркүйектен бастап шектеу қойылып, 2022 жылдың 1 ақпанына дейін жалғасады. Бұл шара өндіріс балансын реттеу және ішкі нарықтың сұраныс қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Квоталарды бөлу қағидалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен бекітілген», – деп түсіндірді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

 Өтінім формасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланған:

Өтінімдер PDF форматында уәкілетті органның кеңсесі арқылы оffice@minagri.gov.kz электрондық поштаға қабылданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер