«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Баян сұлу» қостанайлық кондитер фабрикасы Қазақстанды «World Food Moscow 2021» халықаралық көрмесінде таныстырады

2021 жылғы 21 Қыркүйек
- Қостанай облысы
11183 просмотров

Бүгін «WorldFood Moscow 2021» 30-шы халықаралық азық-түлік көрмесіне бірнеше шетелден азық-түлік өнімдерін шығарушы және жеткізуші компаниялар қатысып жатыр. Қазақстан атынан көрмеге алыс-жақын шетелге танымал «Баян сұлу» АҚ қостанайлық кондитер фабрикасы қатысады. 

«WorldFood Moscow» көрмесі – food-индустрияның лидерлері үшін маңызды іс-шара. Мұндай деңгейдегі көрмелерге қатысу – кәсіпті ілгерілетудегі тиімділікпен қатар, халықаралық ынтымақтасу аясында Қазақстан Республикасының беделін нығайту, ел экономикасының пайдасына серіктестік қатынастарды орнату. Біздің фабрика серіктестерге әркез жаңа өнімдерді ұсынуға тырысады. Осы жолы да жаңа өнім түрлері бар», – деді кондитер фабрикасы маркетинг бөлімінің бастығы Сергей Радчук.

Мәскеу көрмесіне аттанған жаңа кондитерлік өнімдер қатарында – «Legende de lꞌor» шоколады, «Fiore» кәмпиттер жиынтығы, «Chocollini» печеньесі, «Choco Toffi» кәмпиті және тағы басқа тәттілер бар.

«Баян Сұлу» компаниясының өнімдері сыртқы нарықтарға жақсы таныс. Кәсіпорын басшылығының келешекке жоспары көп. Қазір кәсіпорын «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену үшін отандық байқауға қатысып жатыр.

 «Осыдан бес жыл бұрын экспорттаушыларға арналған байқау Тұңғыш Президенттің бастамасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасы ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тағайындалды. «Ұлы дала елі» байқауына қатысу өнімді сыртқы нарыққа шығару кезеңдерінің бірі. Ортақ брендті пайдалану құқығына ие болған жеңімпаздардың есімі қарашада халықтың дауыс беру нәтижесінде жарияланады», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүймелдеу бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер