«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда супермаркет иелері әлеуметтік маңызы бар тауарларды өзіндік құнынан төмен бағада сатуға мәжбүр

2021 жылғы 30 Қыркүйек
- Қостанай облысы
7998 просмотров

Қостанай облысында көкөністер, қант және күнбағыс майына шекті бағалар енгізілді. Бөлшек сауда өкілдерінің айтуынша, қазір кейбір өнімдерді өзіндік құнынан төмен бағада сатуға тура келеді. Бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жасанды тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Бизнес өкілдері Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осы мәселеге қатысты өз алаңдаушылығын білдірді.

 «Кәсіпкерлер палатасына сауда кәсіпорындардан өтінімдер келіп түсуде. Бүгін біз бизнес өкілдерімен бірлесіп, құзыретті органдардың қатысуымен проблемаларды талқылау және шешу жолдарын әзірлеу үшін ең өзекті мәселелер іріктедік. Нормативтік-құқықтық актілерге түзету енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажет. Біздің мақсатымыз бизнес үшін қолайлы жағдай жасау және бизнес пен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді серіктестікті дамыту», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев.

 Өзекті мәселелердің бірі – баға белгілеу. Әлеуметтік маңызы бар өнімдерге шекті рұқсат етілген бағаны жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Бизнес баға белгілеуге наразылық білдірмейді, бірақ сол бағаны келісу процедурасы 2-3 айға созылады. Осы уақыт аралығында бағалар көтеріліп, супермаркеттер тұтынушыға қырыққабатты килограмы үшін 88 теңгеге сатуға мәжбүр, ал өздері оны жеткізушіден 100  теңгеге сатып алған.

 «Шекті бағалар 2015 жылғы ережелерге сәйкес белгіленеді. Бұл ережелерді баяғыда-ақ қайта қарау керек. Бизнеске даму керек, бізде дотация-жеңіліктер жоқ. Көптеген кәсіпкер сөрелерден әлеуметтік маңызы бар өнімдерді алып тастайды. Бұл нарықтағы тауар тапшылығына әкеледі. Шекті баға белгіленген өнімдерді, байлығына қарамастан, бәрі сатып алады. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін атаулы көмек енгізіп, бағаны еркін айналымға жіберу қисынды болар еді», – деп өз пікірін кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Квард LTD» ЖШС Бас директоры Наталья Лапшина білдірді.

 Супермаркеттер иелерін алаңдататын тағы бір мәселе – нарықтағы доминант жағдайды есептеу. Кәсіпкерлер бұл әдістеме ашық емес деп санайды. Өнімді бөлшек саудаға сататын көтерме компаниялар, үлестес компаниялар есепке алынбайды. Доминант жағдай түсінігінің өзі бұлыңғыр.

Бұл ретте кәсіпкерлер монополияға қарсы орган мен басқа да ведомстволарға тұрақты түрде есеп беріп отыруға тиіс. Көбінесе ақпараттың үлкен көлемін жинауға аз уақыт беріледі. Сонымен қатар, толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну ҚР Әкімішілік құқық бұзу кодексінің 162-бабы бойынша шағын бизнес үшін – 291 700 теңге, орта бизнеске – 1 050 120 теңге, ірі бизнеске – 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  «Осындай қиын сұраулар салдарынан бизнесте персоналмен проблемалар туындайды, қызметкерлер қысқа мерзімге байланысты жұмыстан тыс уақытта қосымша еңбектенуге қажеттілік салдарынан жұмыстан өз еркімен шығып жатыр. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді мемлекеттік органдар тарапынан тұрақты мониторинг жүргізу алаңдатады. Супермаркеттерге тілдерді дамыту бөлімі әлеуметтік қорғау департаментінің, кәсіпкерлік бөлімінің және т.б. қызметкерлері тексеруге барады. Кәсіпкерлер мұндай бақылауды ретке келтіруді және жалпы оған құқықтық баға беруді сұрайды»,  – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Ренат Дәулетпаев.

 Жиын қорытындысы бойынша монополияға қарсы органның нарық субъектілері мен мемлекеттік мекемелердің жасырын тексерулер жүргізуге қатысты үлесін есептеу практикасын зерделеу және бағалау үшін барлық деректі прокуратураға беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігіне халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының тауарларды сатып алуға жұмсаған шығындарын мемлекеттің өтеуін ұсынады.

«Сондай-ақ, біз ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, егер оны басқа мемлекеттік органдардан алу мүмкіндігі болса, кәсіпкерлерден ақпарат алуға тыйым салу туралы толықтырулар енгізуді ұсынамыз», – деп қорытындылады кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Владимир Шакун.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер