«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Президенттің инфрақұрылымдық даму саласындағы тапсырмаларын орындау кезінде отандық кәсіпорындарға басымдық берілуі тиіс

2022 жылғы 02 Қыркүйек
7680 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында транзиттік әлеуетті дамыту бойынша негізгі міндеттерді атап өтті.

ПрезидентҚазақстанның қазіргі геосаяси жағдайдағы Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізі екенін айтты.

«Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі географиялық жағдайы көліктік-логистикалық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, шекаралардан өту рәсімдерін жеңілдету, көлік активтерін: жылжымалы т/ж және авто құрамдар, теңіз кемелерін сатып алу, инфрақұрылымды дамыту, жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру шараларын қабылдау бойынша одан әрі бірлескен жұмысты талап етеді», – деп санайды «Атамеке» ҚР ҰКП логистика және жүк тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Мұрат Амрин.

Бұл бағытта транскаспий халықаралық көлік бағдарының белсенді дамуы жақсы мысал бола алады. Ол бойынша жүк тасымалдау көлемі 2022 жылдың 7 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 171%-ға артып, 845,2 мың тоннаны құрады. Контейнерлермен жүк тасымалдау көлемі 33%-ға ұлғайып, 17,6 мың жиырма футтық эквивалентті құрады.

Алайда, трансқазақстандық маршруттардың тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты қызметі теміржол көлігімен жүк тасымалдауға байланысты отандық экспорттаушылар мен импорттаушылардың, оның ішінде ел ішінде тасымалдаушылардың мүддесін ескере отырып жүргізу қажет.

«Біз Батыс Еуропа мен Қытайды байланыстыра отырып, жол инфрақұрылымын дамытып жатырмыз. Отандық компаниялар мен қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін отандық паркті ұлғайтып, жаңартып жатырмыз. Ресейлік және белорустық компаниялар Қазақстанға қоныс аударған қазіргі жағдайды ескерсек, отандық компаниялар үлкен бәсекелестік қыспағында, тапсырыстар кетіп жатыр және біз тасымалдаушыларымызды қорғау үшін шаралар кешенін әзірлеуіміз керек», – деді Мұрат Амрин.

Қазақстанда Ресей және Беларусь құрылтайшыларының қатысуымен паркте 1,5 мыңнан астам жүк көлігі бар бірлескен кәсіпорындар саны өсіп жатыр. Онда негізінен аталған елдердің жүргізушілері жұмыс істейді (90%), бұл осы компанияларға ҚХР, Орта Азиядан Еуропа және кері бағытта жүктерді тасымалдау кезінде негізгі көлемдердің ағуына алып келеді.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті деңгейінің болмауы отандық тасымалдаушылардың халықаралық көлік қызметтері нарығына қатысу үлесінің 2017 жылғы 52%-дан 2021 жылы 31%-ға дейін төмендеуіне әкелді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер