«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Реттеуші актілерді қайта қарау үшін Міндетті талаптар тізіліміне енгізу механизмі қолдау тапты

2022 жылғы 16 Қараша
4251 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленген механизм ҚР премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапты.

Тізілімде жаңа реттеуші саясатқа сәйкес келетін талаптар ғана болады. Механизм талаптарды тұрақты негізде қайта қарауды қамтамасыз етеді.

 «Егер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін реттеуші актілер тізілімде болмаса немесе қайта қарау мерзімі бұзылса, мұндай талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – деп атап өтті Ұлттық экономиканың министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов.

Үкімет қайта қарауға жататын реттеу актілерін ВАК ұсынымдарының негізінде бекітетін болады. Эконгмика минситрлігі жұмыс жүргізілетін салаларды Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінен (ЭҚЖЖ) айқындайтын болады. Бұған жергілікті атқарушы органдардың реттеуші актілері жатпайды.  Жергілікті атқарушы органдардың реттеуші актілерін қайта қарау жұмысын келесі жылы жүргізу жоспарланған.

 «Бұл тәсілдеме жұмыс тобымен бірнеше рет талқыланды әрі Ұлттық палата тарапынан қолдауға тапты», – деді «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов.

Сонымен қатар, жиын барысында «Атамекен» ҰКП мен салалық ведомстволар келісілмеген талаптарды қайта қарау жөнінде жұмыс тобының келіспеушіліктер хаттамасы талқылады. Атап айтқанда, металл сынығы мен түсті металдарды тасымалдау мәселелері жөніндегі бұйрық, Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидалары және темекі өнімдерін тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту бөлігіндегі бұйрықтары қаралды. Олар бойынша «Атамекен» ҰКП позициясы қолдау таппады.

 Сондай-ақ дербес деректерді қорғау саласында мемлекеттік бақылау функциясын енгізу бөлігінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің реттеушілік әсерін талдау нәтижелері қаралды. Мемлекеттік бақылауды енгізу бизнес субъектілерінің наразылығын тудырды. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлер пандемиядан кейінгі дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Ал жаңа реттеуші құрал енгізілсе, бизнес жағдайы нашарлайды.

«Мәселені шешудің бір жолы – азаматтарды оқыту, ерікті негізде көмек көрсету, дербес деректерді жинау және өңдеу қағидалары, оларды қорғау және жеке деректер жарияланып кеткен жағдайда ықтимал салдар туралы ақпаратты ашық көздерде орналастыру», – деп санайды ҰКП мамандары.

 Бұл ретте ВАК мүшелері дербес деректерді қорғау саласында мемлекеттік бақылауды енгізуді қолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер