«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қарабалық ауданының кәсіпкері айыппұлды ескертуге ауыстыруды сұрайды

2022 жылғы 29 Қараша
- Қостанай облысы
6527 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында 2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына және ҚР жаңа Салық кодексінің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Талқылау шеңберінде кәсіпкер Мұхтар Төлебаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 279-бабына қатысты ұсыныс енгізді, онда салықтарды уақтылы төлемегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бизнес бұл бөлімде қарыз 1 АЕК-тен асатын жағдайларды бұзушылық деп санауды, сондай-ақ жыл ішінде алғаш рет жасалған бұзушылық үшін ескерту жүргізуді ұсынады.

Мысалы, оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкер небәрі 99 теңге борыш үшін  айына 91890 теңге сомасына жауапқа тартылды. Бұл тәжірибе дұрыс емес және оны өзгерту керек.

Бұл ұсынысты жұмыс тобы қолдап, қалыптасқан әкімшілік практиканы ескере отырып, оны құқықтық блокпен неғұрлым егжей-тегжейлі пысықтау туралы шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер