«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Көлік дипломатиясын жаңа деңгейге көтеру керек – Самат Ақышев

2023 жылғы 10 Қаңтар
- Қостанай облысы
6386 просмотров

Мәжіліс депутаты Самат Ақышевтің қатысуымен Қостанай облысы ӨКП Өңірлік кеңесінің көлік мәселелері жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Жиында көлік саласының өзекті мәселелері талқыланды. Қостанайлық бизнесмендер өңірлік және республикалық деңгейлерде бірнеше рет талқыланған көлік саласының проблемаларын көтерді.

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаевтың айтуынша, ең өзекті мәселелердің бірі – «шет мемлекеттің аумағы арқылы өтуге рұқсатты» ресімдеудегі қиындықтар. Тасымалдаушылардың мәліметі бойынша мәселенің негізгі себебі сапарға рұқсат беру әдістемесінің жетілмегендігі және жеке автопаркі мен штаттық жүргізушілері жоқ бір күндік фирмалар тарапынан жосықсыз бәсекелестікпен байланысты.

 «Былтыр біздің нарыққа көп шетелдік тасымалдаушы компания келді. Олар рұқсаттың 60 пайызынан астамын таңдайды, тағы 30 пайызды біркүндік фирмалар алады. Олар Қазақстанның басқа өңірлерінен филиал ашып, квоталарды алады. Ал шын мәнінде жұмыс істейтін тасымалдаушы компаниялар квотаға қол жеткізе алмайды. Мысалы, 100-ге жуық автокөлігі бар компания 5-8 рұқсат ала алады. Ал бағдарлама 3-5 машинасы бар фирмаларға да рұқсат бере алады. Көптеген компанияны тіркей отырып, олар бізге тиесілі рұқсат қағаздарды алады, содан кейін оларды 500-ден 1000 долларға дейін сатуға ұсынады. Іс жүзінде рұқсат қағаздың нақты бағасы 3600 теңгеден сәл асады», – деп түсіндірді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілі, «SVTRANSLogistics» ЖК басшысы Валерий Сусаренко.

Бизнесмендердің айтуынша, өткен жылы нақты қызмет көрсететін көп тасымалдаушы жұмысын тоқтатты. Өйткені олар рұқсат ала алмады, ал жыл соңында 40 мыңнан астам рұқсат қағаз қажетсіз қалды. Тасымалдаушылардың көбі көліктерді лизингке немесе несиеге сатып алыды. Осылайша бизнес үлкен шығынға ұшырады. Тасымалдаушылар меншігінде көлігі бар компанияларға басымдық беруді, сондай-ақ рұқсаттарды толығымен электронды форматта беруді ұсынды.

«Бұрмалау фактісі болмау үшін көліктік дипломатияны жаңа деңгейге көтеру қажет. Біз отандық компаниялардың тасымалдау пайызы төмендеп жатқанын және қазірдің өзінде шамамен 32%-ды құрайтынын көріп отырмыз. Бұл алаңдатарлық көрсеткіш. Процесті цифрландыруды жалғастыру керек. Біз бұл мәселені бірге шеше аламыз деп ойлаймын», – деді Самат Ақышев.

 Бизнес ҚТЖ жұмысына да сұрақ көп қойды. ӨКП республика деңгейіндегі проблемаларды белгілеп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығымен бірқатар кеңеске бастамашы болды. Нәтижесінде Қостанай станциясының жұмысы бойынша кейбір проблемалар алынып тасталды, бірақ вагондармен мәселе толық шешілмеді.

«Бүгінде бизнес 2-3 вагон жібере алмайды, өйткені 10 вагоннан аз жөнелтуге конвенциялық шектеулер қолданылады, осы тыйымдарға байланысты вагондар Қостанайға келе алмайды. Қостанай станциясынан вагондарды түсіру үшін шығуды шектейді – бұл дұрыс емес. Станцияның инфрақұрылымын жақсарту қажет. Бірнеше жылдан бері біз мұны талап етіп келеміз және 15 сұрыптау жолы бар және 90-шы жылдары сақталған Солтүстік саябақты қалпына келтіруді ұсынамыз. 30 жыл ішінде вагон ағыны айтарлықтай өсті, ал біз ескі инфрақұрылымды пайдалануды жалғастырамыз», – деп атап өтті «Тобыл-Транс» ЖШС директоры Николай Краснощеков.

Самат Ақышев көлік саласы бойынша, оның ішінде ҚТЖ бойынша көптеген мәселе бар екенін мойындады, оларды шешу барлық тараптың күш-жігерін талап етеді. Барлық қиындықтарды түсініп, оларды бірінші кезекте шешу керек. Мәжіліс депутаты қостанайлық кәсіпкерлерден проблемалар бойынша толық ақпарат беруді сұрады және оларды үкімет деңгейінде шешуге көмектесуге уәде берді.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер