«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» кабинеті Ақмола облысының МАЭС базасында ашылды.

2023 жылғы 03 Ақпан
- Ақмола облысы
9595 просмотров

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының алаңында «Атамекен» арнайы кабинеті ашылды.

Оның жұмысы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында даулы жағдайлар туындаған кезде Өңірлік палата сарапшыларының бизнес субъектілеріне консультациялық-құқықтық көмек көрсету үшін бағытталатын болады. 
Кабинет жұмысының алгоритмі мен кестесі анықталды, аптасына екі рет бизнес-омбудсменнің өңірлік кеңсесі мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қабылдауды жүзеге асыратын болады.

«Біз қоғамның шиеленіс әлеуетін азайту үшін кабинетті ашуға бастамашы болдық, бұл құпия емес. Бүгінде бітімгершілік рәсімдері белсенді түрде қолданылуда, медиация да дамып келеді, алайда, өкінішке орай, бизнес әрқашан жарты жолда кездесуге дайын емес, сондықтан біз «Атамекен» тарапынан үлкен көмек күтеміз. Өңірде 47 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, біздің мәлімет бойынша, жыл сайын 10 мыңға жуық кәсіпкер әділет орбитасына тартылады. Осы кеңсенің ашылуымен туындаған жанжалдарды сотқа дейін реттеу мәселелерін бірлесіп шеше алатынымызға сенімдімін», - деді Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов.

 


«Атамекен» Ұлттық палатасы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өзара іс-қимылының Жол картасы аясында Өңірлік палата жергілікті соттармен тығыз ынтымақтастық орнатқанын айта кеткен жөн.

«Біз сот өкілдерімен түрлі орындарда, соның ішінде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырыстарында бизнестің өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешу үшін үнемі кездесіп тұрамыз. Кеңсенің ашылуы бизнес пен мемлекеттік органдар арасында туындайтын дауларды соттан тыс тәртіпте шешудің қосымша катализаторы болады. Бұл кәсіпкерлердің сот процестеріне қатыспауына, сол арқылы олардың қаржылық шығындарын, уақытын және басқа да ресурстарын қысқартуға мүмкіндік береді», - дейді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек өз кезегінде.

 

 


 


 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер