«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы"Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне" белсенді түрде қатысты

2023 жылғы 16 Ақпан
- Қостанай облысы
7162 просмотров

Бүгін Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен өткізілген "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" іс - шарасына қатысты. 

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес сұрақтарына жауап беруде. Данияр Күзенбаев жыл басынан бері Палата алаңында 1700-ден астам бизнес өкілдерін қабылданғанын атап өтті. Өтініштер саны  артып келеді. Бұл "Бизнесті қорғау экожүйесі" жобасы аясындағы тиімді көмектің көрсеткіші. 

Бүгін бірден бірнеше мәселе шешілді. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі ата-аналар мен балалар қоғамдық бірлестігінің өкілі Шынар Жалмұхамбетова бизнес-жобаны іске асыруда кеңес алу үшін жүгінді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру бойынша көмек көрсетілетін, жұмыс істеу үшін жағдай жасалған орталық құруды жоспарлап отыр. 

Қазіргі уақытта орталықтың құрылысына жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлер Палатасы жобаның сәтті іске асуына атсалысады.


"Бұл іс-шара "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясындағы жұмыстың тиімді тетігіне айналуда", - деп атап өтті Данияр Күзенбаев


Еншілес ұйымдар

Серіктестер