«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Елімізде экономиканың түрлі салаларының дамуына талдау жүргізілетін болады

2023 жылғы 10 Сәуір
- Қостанай облысы
6763 просмотров

"Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласын мысал ете отырып, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін талқылады. 


Райымбек Баталов Мемлекет басшысының VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау үшін "Атамекен" ҰКП үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің экономикалық картасы құрылады, ол әрбір саланың дамуына көзқарас беруге және жаңа тәсілдерді енгізуге дайын жергілікті көшбасшыларды айқындауға көмектеседі. 


"Атамекен" ҰКП Төралқасының төрағасы бүгінде өңірлерде бизнес-ортаның бір-біріне ұқсамайтын құрылымы бар екеніне назар аударды. Орта бизнесті дамытуға серпін беру үшін шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы әзірленетін болады.  Сондай-ақ, бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды іске асыру кезінде бірінші кезекте отандық кәсіпкерлерге басымдық берілетін болады. 


Қостанай облысының әкімі өңірде осындай тетіктер құрылып жатқанын хабарлады. Мысалы, қой шаруашылығын дамыту Арқалық қаласының экономикасын дамытудың басты бағыты болуы мүмкін.


Кеңесте бұл өңірдің мал шаруашылығы саласын дамыту үшін барлық артықшылықтары бар екендігі атап өтілді. Мұнда кең егістік жерлер мен шабындықтар бар. Сонымен қатар, мұнда мал өсірудің дәстүрі дамыған. Мұнда жүн қабылдаумен, теріні өңдеумен және мал азығын өндірумен айналысатын кәсіпорындар жұмыс істейді. Мамандардың бағалауы бойынша, аймақ фермерлері жаңа технологияларды белсенді қолданады. 

Мұндай бизнес-модельді іске асыру осы бағытпен айналысуға дайын фермерлерге, жеке инвесторларға және ЖҮШ-ке кредит беру есебінен жоспарлануда. Бұл ретте, қазіргі уақытта мұнда қой шаруашылығымен айналысатын 73 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі бар. 70-тен астам жеке шаруа қожалығы осы бағытта өз бизнесін дамытуға дайын. 


ШОБ-ты қолдаудың кешенді бағдарламасы шеңберінде жұмыс орындарын көбейту сондай-ақ ет өңдеу көлемін ұлғайту жоспарлануда. Кеңес қорытындысы бойынша жобаны іске асыру жолдары белгіленді, бұл, ең алдымен, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін әкімдіктер өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен тығыз өзара іс-қимыл жасайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер