«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Өңірлік кеңес мүшелері Жалағаш ауданының кәсіпкерлері және әкімдерімен кездесті

2023 жылғы 04 Мамыр
- Қызылорда облысы
8028 просмотров

Жалағаш ауданының кәсіпкерлері мен ауылдық округ әкімдері мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік мақсатта берілетін несиені алуға кепіл мүліктің төмен бағалануы кедергі екенін жеткізді.

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Райымов пен кеңес мүшелерінің ауданға сапары барысында өткен кездесуде айтылды.

Өңірлік кеңес мүшелері сапар барысында «Қарабура» шаруа қожалығының күріш ақтау зауытымен, бронды кеудеше мен әскери каска жасайтын «Өркен Әлем» ЖШС филиалының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпкерлік нысандарында 90-ға жуық адам еңбек етуде.

Бұдан кейін кеңес төрағасы Ерлан Райымов аудан әкімі Асқарбек Есжановпен кездесіп, ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін қабылданатын шараларды талқылады.

Ары қарай кеңес мүшелері ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Мен кәсіпкер» жобасымен, оның бағыттарымен, жоба бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

«Мен кәсіпкердің» аясында «Бір ауыл - бір өнім» жобасын да жергілікті атқарушы органмен бірге жүзеге асырамыз. Өнім шығаруға әзір қыз-келіншектерді оқытуға, әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз. Осы ақпараттарды ауыл тұрғындары арасында кеңінен таратсаңыздар», – деді Наталья Мишукова.

Кәсіпкерлер мен ауылдық округ әкімдері биыл жастарға және ауыл азаматтарына берілетін 2,5 пайыздық несиені алып, кәсіп бастауға ниетті азаматтардың жеткілікті екенін атап өтті. Алайда кепілге қойылатын мүліктің төмен бағалануы, несие тарихының дұрыс болмауы мемлекеттік қолдауды пайдалануға кедергі болып тұрғанын айтып, көмек сұрады.

Өңірлік кеңес төрағасы бұл мәселемен жауапты ұйымдарға ұсыныс беретінін жеткізді.

Атап өту керек, Жалағаш ауданында жыл басынан жалпы құны 840,4 млн теңгені құрайтын 54 жоба қаржыландырылған. Қазір ауданда 3061 кәсіпкерлік субъектісі халыққа қызмет көрсетуде.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер