«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлемеу салдары қандай?

2024 жылғы 02 Ақпан
- Қызылорда облысы
6625 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында бухгалтерлер клубының кезекті отырысы өтті. Жиында кәсіпкерлер арасында терең талқыға салынып жүрген мәселелер көтерілді. 

Кездесуде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар бойынша салық заңнамасының нормалары түсіндіріліп, кәсіпкерлер тарапынан қойылған бірқатар сауалдар өз жауабын тапты.

Сондай-ақ, күн тәртібінде Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ филиалдарының, сонымен бірге, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы өкілдері Міндетті әлеуметтік төлемдер бойынша кеңінен ақпарат беріп, оларды уақытылы төлемеген жағдайда берілетін әкімшілік жауапкершілік туралы айтып өтті.

«Әлеуметтік төлемдер ҚР заңымен міндеттелген, осы себепті оны ай-майы төлемеген жұмыс берушілерге алғашында ескерту берілсе, бір жыл көлемінде төленбеу фактілері қайталанған жағдайда, уақытылы төленбеген сомасына қарай пайыздық айппұл салынатынын ескерткіміз келеді»,-деді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Қызылорда ОФ бас маманы Сапура Маханова.

Жиынды қорытындылай келе, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы» басқармасының басшысы Гүлсара Қарымсақова декларация тапсыру мерзімі, уақытында декларацияны тапсырмаған жағдайда заңмен көзделетін ескерту шаралары мен айыппұл мөлшерлері және т.б. міндеттемелер жөнінде толыққанды ақпарат беріп, бірнеше бизнес өкіліне декларация тапсыруға көмек көрсетті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер