«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай қаласында комиссиялар бизнеске су тасқынынан келтірілген залалды бағалай бастады 

2024 жылғы 19 Сәуір
- Қостанай облысы
6117 просмотров

Залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысқа кіріскен алғашқы бизнес нысандарының бірі су басқан "Мохито" демалыс базасы болды. Комиссия құрамына Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметкері бар. Қазіргі уақытта бұл бағалау жүргізілетін алғашқы бизнес нысаны. Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы су тасқынының алғашқы күндерінен бастап бизнеспен жұмыс істей бастады, жадынамалар таратылды, іс-қимыл алгоритмдері жасалды.


Кеше ғана ШОБ мәселелері жөніндегі салалық кеңесте кәсіпкерлер қалпына келтіру жұмыстарына кірісу үшін залалды бағалау бойынша жедел әрекет ететіне үміттенетінін атап өтті.


Алдын ала бағалау бойынша Қостанай облысында 100-ден астам түрлі бизнес нысандары зардап шекті. Комиссиялардың жұмысы барысында бұл сандар нақтыланатын болады. 


Сондай-ақ, қазіргі уақытта кәсіпкерлер келтірілген залалды бағалау жөніндегі Қағидалар жобасына өз ұсыныстарын енгізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер