«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ӨКП заңгерлері облыстық прокуратура алаңында сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылады

2024 жылғы 04 Мамыр
- Қостанай облысы
6557 просмотров

Қостанай облысының прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен өткен жиналыстың жұмысына Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов қатысты. Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, денсаулық сақтау басқармасы, «Еңбек-Қостанай» кәсіпорнының басшылары, сондай-ақ адам құқығы жөніндегі уәкілдің өкілі А. А. Есімов қатысты.

Жиында  Қостанай облысының кәсіпкерлері бас бостандығынан айырылғандар үшін жұмыс орындарын беру процесіне қатысып жатқаны атап өтілді.

Мәселен, Арқалық қаласында кәсіпкерлермен кездесу өткізілд. Жиын қорытындысы бойынша келісімшарттар жасалып, Арқалық қаласының толық қауіпсіздік мекемесінде алғаш рет металл конструкцияларын дайындау өндірісі ашылды. Өндірісте 3 сотталушы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар арнайы киім тігу өндірісі құрылып, 4 сотталушы жұмысқа орналастырылды.

 Жітіқара қаласында түзеу мекемесінде спорттық костюмдер тігу өндірісі ашылды. Онда өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған 8 адам жұмысқа орналастырылды. Қосымша 6 сотталушы киім және төсек-орын тігу дағдыларын меңгеру бойынша оқуға қатысты. Қостанай қаласында кәсіпкер 12 сотталушыны жұмыспен қамтамасыз етті және мұнда қосымша 13 жұмыс орны құрылады.

Алайда, қазіргі кезде барлық өндірістік алаңды бизнес субъектілері алып қойған., Сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін бос алаңдар жоқ. Бұл мәселені шешу үшін 2 апаттық орын-жайды бұзып, олардың орнына тез салынатын модульдік ғимараттар салу жоспарланған.

Кәсіпкерлер палатасы осы бағытта бизнеспен тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер