«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында 7 млн. теңгеден астам сомаға бизнеске келтірілген залалды өтеу келісілді

2024 жылғы 06 Маусым
- Қостанай облысы
5098 просмотров

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы Бүгін Қостанай облысының Өңірлік комиссиясы 6 кәсіпкерге су тасқынынан келтірілген залалды толық көлемде өтеу туралы бірауыздан шешім қабылдағанын хабарлады. Комиссия бұған дейін тағы екі өтінімді мақұлдаған болатын. Залалды өтеу сомасы 7 млн теңгеден асты.

Олардың ішінде Қостанай қаласынан 5 бизнес субъектісі және Қарасу ауданынан 1 кәсіпкер. Атап айтқанда: «Тибет-Shop» ЖК, «Гепард» ЖК, «А. А. Гутий» ЖК, «З. С. Токтарова» ЖК, «Д. К. Шуланов» ЖК, «В. Р. Золотарева» ЖК бар.

Комиссия отырысы зардап шеккен өтініш берушілердің қатысуымен өтті, бұл комиссияғ өтінімдерді жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, бизнес Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне қалалық және аудандық комиссияларда олардың мүдделерін білдіргені үшін, сондай-ақ құжаттарды жинауға, растайтын материалдары бар өтінімді қалыптастыруға және E-otinish порталы арқылы облыстық комиссияға жіберуге практикалық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жалпы сомасы 765 000 теңгеге "Сырлыбаева Ж.С." ЖК және "Дорофеева О. С." ЖК төлемдері мақұлданған болатын.

Қалалық және аудандық комиссиялардың қарауында, кәсіпкерлер палатасы облыстық комиссияның қарауына өтінімдер жолдауда. Көмек көрсететін 80-нен астам бизнес субъектілерінің өтініштері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер